AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Түркістанда өңірлік балалар кардиохирургиялық орта...

Түркістанда өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды

Медицина 25.08.2026, 14:32 317
Түркістанда өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Орталықта кардиология, кардиохирургия, кардиохирургия ота залы және кардиореанимациясы бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан облыстық балалар ауруханасында өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Ділдабеков қатысты.

Заманауи орталықтың ашылуы – балалар кардиохирургиясы саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Енді Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қаласында жүрегінде туа біткен ақауы бар балаларға жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмекті өңірге жақын жерде көрсетуге мүмкіндік кеңейеді.

Орталықта кардиология, кардиохирургия, кардиохирургия ота залы және кардиореанимациясы бар. Сонымен қатар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған операциялық зал жұмыс істейді. Бұл балаларға қажетті диагностикалық және емдік шараларды дер кезінде жүргізіп, жоспарлы және шұғыл хирургиялық көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облыстық балалар ауруханасында 2014 жылдан бері туа біткен жүрек ақауларына байланысты 3 433 операция жасалған. Бүгінде балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде жылына 100-ден астам операция орындалады. Оның ішінде күрделі ашық жүрек оталары да бар.

Өңірлік орталықтың жұмысы жүрек ақауларын ерте анықтауға, диагнозды нақтылауға және балаларға қажетті емді уақытылы бастауға жол ашады. Ең бастысы — кішкентай пациенттердің медициналық көмек алу үшін алысқа бару қажеттілігін азайтып, жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмекті өз өңірінде алуға жағдай жасайды.

Баланың жүрегі – оның өмірінің ең маңызды бастауы. Сондықтан әрбір дер кезінде қойылған диагноз бен жасалған ота – баланың дені сау болып өсіп, толыққанды өмір сүруіне жасалған маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #кардиология орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);