AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Түркістанда Димаш Құдайбергеннің халықаралық шоуы...

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің халықаралық шоуы түсіріліп жатыр

Мәдениет 12.09.2025, 14:18 701 dulatbekova
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің халықаралық шоуы түсіріліп жатыр
Сурет: Gov.kz

Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды.

 Жобаға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен келді. Түсірілім барысында олар өңірдің басты туристік және мәдени нысандарында болады. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, көне Отырар қалашығында, Karavansaray туристік кешенінде және этноауылда түсірілім жұмыстарын жүргізеді.

Байқау қатысушыларының өнерін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

Түркістандағы түсірілім аяқталған соң жоба шығармашылық сапарын еліміздің басқа өңірлерінде жалғастырады. Халықаралық шоу Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Жобаның финалдық кезеңі елордада ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, Voice Beyond Horizon жобасын Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе жүзеге асыруда. Аталған телеарна мен оның Mango TV цифрлық платформасын күніне 210 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Осы арқылы әлемдік аудитория Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алады.

Жоба Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауына ие.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #халықаралық шоу #түсірілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);