AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Түркістан облысының әкімі ауысты

Түркістан облысының әкімі ауысты

Шешім 31.08.2022, 05:51 1,555
Түркістан облысының әкімі ауысты
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.


Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Сессияда әкім қызметіне қос бірдей кандидат ұсынылды. Оның бірі - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды болса, екіншісі - Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков.


Халық қалаулыларының басым бөлігі Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдап дауыс берді.


Дархан Сатыбалды 1974 жылы Сарыағаш ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.


Еңбек жолында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. Шымкент қаласынан Сенат дерпутаты болып сайланған. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.


«Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ал, биылғы жылдың 24 тамызында отставкаға өтініш берді. Оған басты себеп, 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы болды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жарлық #әкім #Түркістан облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);