конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түркістан облысында ұрлық жасаған Алматы тұрғыны ұ...

Түркістан облысында ұрлық жасаған Алматы тұрғыны ұсталды

Заң мен тəртіп 18.10.2021, 05:01 1,126
Түркістан облысында ұрлық жасаған Алматы тұрғыны ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Полицейлер жеке заттарға, мүліктерге ие болуға, қараусыз қалдырмауға шақырады


Ордабасы ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкенінен белгісіз біреу “Самсунг Галакси” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Осылайша жәбірленушіге 40 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аталған дерек ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздестіру шараларына бірден кірісті. Тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотты болған, Алматы қаласының әйел тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматша қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Белгілі болғандай, күдікті әйел дүкенге киім-кешек сатып алу мақсатында кірген. Содан соң үстел үстінде тұрған ұялы телефонды көріп, оңай олжаға кенелуді ойлаған. Аталған телефонды білдіртпестен алып, оқиға орнынан бой тасалаған.


Сонымен қатар араға тәулік салып, Ордабасы ауданында өзінің танысымен бірге тұрып жүрген әйел танысын да сан соқтырып кеткен. Яғни оны дүкеннен нан алып келемін деп алдап, сөреде тұрған сөмкесінің ішіндегі ақшаларын қоса алып кеткен. Осылайша Алматы қаласына бет алмақ болған күдікті әйелді тәртіп сақшылары аудан орталығының бірінен қолға түсірді.


Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #арыз #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);