AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркияның ұшқышсыз басқарылатын ANKA ұшағы Қазақст...

Түркияның ұшқышсыз басқарылатын ANKA ұшағы Қазақстанға жеткізіледі

Әлеумет 09.06.2022, 11:13 1,124
Түркияның ұшқышсыз басқарылатын ANKA ұшағы Қазақстанға жеткізіледі
Сурет: Turkystan.kz

Қазақстан түріктердің ұшқышсыз ұшақтарын шығаратын алғашқы шетел мемлекеті атанды.


Түркияның әскери техника, оның ішінде түрлі маркалы ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар өндіретін Turkish Aerospace компаниясының бас директоры Өмер Йылдыз Anadolu ақпарат агенттігіне ANKA ұшқышсыз ұшақтарының алғашқы партиясы Қазақстанға 20 маусымда жеткізілетінін мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  



«Реактивті қозғалтқышы бар Kuzgun басқаларына қарағанда ауыр, салмағы 100 келіге дейін жетеді. Ол салмағы 60-90 келіге дейінгі оқтұмсықты көтеруге қауқары бар. Оның қатты отынды қозғалтқыш жүйесі бар және әлдеқайда үлкен қашықтықты еңсереді. ANKA Kuzgun-мен айдың соңына дейін жабдықталады», деді ол.



Еске сала кетейік, 10 мамырда Қазақстан мен Түркия әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Анкара технологияны тасымалдап, Қазақстан армиясы үшін ұшқышсыз ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін кадрларды оқытады. 



«Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланысты одан әрі нығайта түседі», - деп атап өтті түрік тарапы.



Түркияның квазисекторлық «Түрік аэроғарыш кәсіпорны» (TUSAŞ) бұл ұшқышсыз аппаратты 2004 жылы Түркия қарулы күштеріне арнап, құрастыра бастап, 2010 жылы алғаш сынақтан өткен. Ұшқышсыз ұшақтың максималды ұшу салмағы 1700 кг және 350 кг-ға дейінгі салмағы бар жүкті көтере алады. Ұшу уақыты 9000 метрге дейінгі максималды биіктікте 30 сағатқа дейін жетеді. Қанатының құлашы 7,5 метр, ал ұзындығы шамамен 8 метр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұшқышсыз ұшақтар #Түркия #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушыларға арналған «FoodBattle 2026» аспаздық марафоны өтті

Бүгін 09:15

Бүгін Алматыда балалармен қайда қыдыруға болады?

Бүгін 09:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін 09:06

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);