AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы...

Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы анықталды

Әлем 01.08.2023, 14:13 1,104
Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы анықталды
Сурет: Zakon.kz

Өткен жексенбіде Түркияда жол апаты болып, зардап шеккен қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді.


Қайғылы оқиға салдарынан Маңғыстау облысының тұрғыны қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабаларлайды Almaty-akshamy.kz.


Lada басылымының жазуынша, 49 жастағы маңғыстаулық заңгер Кенже Мұңайтпасұлы Түркияның Алания қаласында болған жол апаты салдарынан көз жұмды. Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев марқұмды еске алып, жақындарына көңіл айтты.


Кенже Мұңайтпасұлы 2018 жылдан бастап адвокаттық қызметпен айналысқан. Ол 2002-2013 жылдар аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеген.



«Кенже Мұңайтпасұлының қайтыс болғаны туралы хабар бізді қатты қайғыртты. Осы қиын сәтте өкінішімізді жеткізу үшін көңіл айту жеткіліксіз. Ол адал заңгер, ерекше кәсіби маман болған. Оның өмірден өтуі – біздің қоғам үшін орны толмас қайғы. Оның таланты мен жанкештілігі ешқашан ұмытылмайды. Кенже Мұңайтпасұлының отбасына достары мен туыстарының қолдауы қайғыны еңсеруге көмектеседі деген ойдамын», - деді Бауыржан Мұсаев.



Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігі 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол апатына ұшырағанын, оның ішінде Қазақстанның 12 азаматы болғанын хабарлаған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Жол апаты #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);