AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркияда жер сілкінісінің шығыны 10 млрд долларға...

Түркияда жер сілкінісінің шығыны 10 млрд долларға жетуі мүмкін

Әлем 08.02.2023, 16:41 963 Almaty-akshamy
Түркияда жер сілкінісінің шығыны 10 млрд долларға жетуі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл аймақтың халқы жер сілкінісіне өте осал құрылымдарда тұрады


Дүйсенбі күні таңертең Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен экономикалық шығын 1-ден 10 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін, бұл елдің ЖІӨ-сінің шамамен 2%-ын құрайды. АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Есеп құрастырушылар сонымен қатар жер сілкінісі мен одан кейінгі дүмпулерден қаза тапқандар саны 10 мың адамға жетуі мүмкін деп санайды.


USGS сарапшылары зардап шеккендердің саны 10 мың адамнан асып кету ықтималдығы 47% құрайды деп есептеп отыр. Құрбан болғандар саны 10 мың мен 100 мың адам арасында болу ықтималдығы 20% құрайды, деп жазады CNN.


АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауы аймақтағы жер сілкінісі тарихына, халыққа және ең көп зардап шеккен аймақтардағы құрылымдардың осалдығын тірек еткен модельдеуге негізделген.



«Көптеген құрбандар мен елеулі залалдар болуы ықтимал, ал табиғи апат өте ауқымды болды», — делінген АҚШ Геологиялық қызметінің есебінде. «Бұл аймақтың халқы жер сілкінісіне өте осал құрылымдарда тұрады, дегенмен кейбір берік құрылымдар да бар», - делінген хабарламада.



«Біз бұл аймақта қатты жер сілкінісі болатынын бұрыннан болжап жүрдік, бірақ оны соншалықты күшті және жойқын болады деп ойламаппыз», —деді түріктің апаттарды басқару жөніндегі белгілі сарапшысы профессор Ахмет Джевдет Ялчинер Toronto Star-ға берген сұхбатында.


Ялчинердің айтуынша, аймақта 1500 жылдан астам уақыт бойы мұндай күшті жер сілкінісі болмаған. Бұл халық көп шоғырланған қалалардағы залал деңгейін болжауды қиындатады.



«Ауа райының қолайсыздығы - жерасты дүмпуінен бөлек қосымша фактор, бірақ Түркияның негізі қаланғалы бері инфрақұрылымға қатысты мәселелерді бастан кешіруде. Біз берік және көп жылға шыдамды құрылымдар салуымыз керек еді», - деді ол.



Reuters атап өткендей, түрік лирасы жер сілкінісі мен оның салдарынан рекордтық деңгейге дейін төмендеген, бірақ көп ұзамай қайта қалпына келген.


Сондай-ақ, агенттік Ирактан Түркияға мұнай жеткізетін Баку-Тбилиси-Джейхан құбырына табиғи апат әсер етпегенін атап өтті - мұнай айдау жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #жер сілкінісі #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Бүгін 09:10

Бүгін ауа райы күрт өзгереді деп болжанды

Бүгін 08:33

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);