AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Түркияда бүгін Ұлттық аза тұту күні болып жариялан...

Түркияда бүгін Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Әлем 22.01.2025, 11:47 1,002
Түркияда бүгін Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Сурет: bbc.com

Түркияда 22 қаңтар Ұлттық Аза тұту күні болып жарияланды.

21 қаңтар, сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйден өрт шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өрт 12 қабатты (басқа деректер бойынша 11 қабатты) Гранд Картал қонақүйінде жергілікті уақыт бойынша 03:27-де басталған. Қазір Түркиядағы жалпыұлттық екі апталық мектеп демалысы басталды және шаңғы маусымының қызуына байланысты қонақүйде 234 адам болған.

Болу губернаторы Абдулазиз Айдын алдын ала мәлімет бойынша, өрттің қонақүйдің төртінші қабатындағы мейрамхана аймағында басталып, жоғарғы қабаттарға тарағанын айтты. Қонақүй Болудың орталығынан біршама қашықтықта орналасқан. Өрт сөндірушілерге оқиға орнына жету үшін бір сағаттан астам уақыт қажет болды.

Құтқару жұмыстары таңертеңге дейін жалғасты, құтқарушылардың қонақүйдің кейбір бөліктеріне әзер жеткені хабарланды. - Қаза тапқандар саны 76-ға жетті, - деп хабарлады ішкі істер министрі Али Ерликая.

Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Қайғылы жағдайға байланысты бүгін Түркияда Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Өрт туралы хабар жеткен бойда өңірге министрлер мен командаларымызды жібердік. Өртті сөндіруге 156 техника мен жеке құрамның 428 адамы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталды. 4 адам ұсталды. Мұндай қайғылы оқиғаға себепкер болғандар заң алдында жауап береді. 22 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Еліміз бен шетелдегі өкілдіктерімізде туымыз төмен түсіріледі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Ұлттық аза тұту күні #өрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«КітапFest»: Алматыда әдебиет пен оқырманды тоғыстырған кітап жәрмеңкесі басталды

Бүгін 13:58

Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 13:48

Алматының туған күні – Aportтың думанды күні

Бүгін 12:18

«Алматыны аяла!»: 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар сахна төрінде

Бүгін 12:03

Жапондық марафоншы Юки Каваучи Алматыны Қала күнімен құттықтады

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);