AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі өтті

Саясат 12.02.2022, 08:00 1,942 Almaty-akshamy
Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесі өтті
Cурет: СІМ

Келесі отырыс Қырғызстанда өтеді


Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің жаңартылған құрамындағы үшкүндік отырысына Қазақстан Республикасының өкілі Икрам Адырбеков қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесу 2021 жылғы 11 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданған Ақсақалдар кеңесінің жаңа ережелеріне сәйкес алғаш рет өткізіліп отыр.


И. Адырбеков 2022 жылғы қаңтар айының басында елімізде орын алған қайғылы оқиғаларға қатысты ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің білдірген көңілі мен бауырлас түркі мемлекеттерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі тұрақтылықты және конституциялық тәртіпті бұзуға ұмтылған экстремисттік, қылмыстық және терроршыл топтарға қарсы шешімдері мен іс-әрекеттерін қолдағандары үшін ризашылығын білдірді.


Қазақстан өкілі Түркі кеңесінің 8-ші Саммитінде қабылданған «Түркі әлемінің келешегі – 2040» тұжырымдамалық құжаты мен Түркі мемлекеттері ұйымы атауына байланысты шешімдердің маңыздылығын атап өтіп, Түрікменстанның Ұйымға бақылаушы мәртебесін алуы да түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадамдар екеніне тоқталды.


И. Адырбеков Президент Қ. Тоқаевтың   2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Саммиттің шешіміне сәйкес құрылуы жоспарланып отырған Түркі инвестициялық қорының штаб-пәтерін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында орналастыру туралы ұсынысын қолдауға шақырды. Оның айтуынша, АХҚО алаңы – бұл халықаралық деңгейдегі қаржы институттарының үздік тәжірибесін, бірегей техникалық сараптамасын, инфрақұрылымы мен қызмет тәжірибесін біріктіретін жаңа қаржылық экожүйеге нақты негіз бола алады.


Қазақстан өкілі Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін сауда мен инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасауға, тауарлардың, капиталдардың, қызметтер мен технологиялардың еркін қозғалысы үшін кедендік және транзиттік рәсімдерді, қаржылық және банктік операцияларды оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстанның тағы бір маңызды бастамасы Түркістан қаласында «TURAN» Арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсынысымен таныстырып, тараптарды аталған жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.


Отырыс жұмысы шеңберінде ақсақалдар ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстарына ТМҰ жүйесі мен қызметін кемелдендіру бойынша басқа да ұсыныстарын тиісті хаттамамен бекітті.


Отырыс қорытындысымен ТМҰ ақсақалдары Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізіп, Кеңес отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырудағы үлесі үшін түрік тарапына алғыстарын білдірді.


Ақсақалдар Кеңесінің кезекті отырысын 2022 жылдың шілде айында Қырғызстанда өткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркі елдері #Ақсақалдар кеңесі #ұйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);