AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Түркі мемлекеттері ұйымы сайлауға баға берді

Түркі мемлекеттері ұйымы сайлауға баға берді

Сайлау-2023 20.03.2023, 11:25 1,295
Түркі мемлекеттері ұйымы сайлауға баға берді
almaty-akshamy.kz

Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары, ұйым атынан келген байқаушылар миссиясының басшысы Сади Джафаров Қазақстанда 19 наурызда өткен сайлауды ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz .


«Миссия мүшелері байқаушы ретінде Астана қаласындағы бірқатар учаскеде болды. Дауыс беру басталғанға дейін, 17 наурызда бірнеше партияның өкілімен кездесіп, олардың дайындығымен таныстық. Делегация партиялардың бағдарлармасына, қаржылындыруға, медиаресурстарда ақпарат таратуға қатысты мәліметтерді талқылады. Сонымен қатар, біздің миссия ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен де кездесті. Осы орайда ол сайлау процесіне қатысты толық мәлімет берді», - деді Сади Джафаров елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 19 наурыз күні Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдері таңертең Астанада ашылған учаскелерде болған.


«Учаскелердің ашылуы ұлттық заңнама талаптарына сәйкес іске асырылды. Жалпы, біздің миссия 32 сайлау учаскесіне барды. Біз тиісті мониторинг жүргіздік және оның барысында елеулі кемшіліктер болған жоқ. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу заң талаптары аясында өтті», - деді Сади Джафаров.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);