AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркі елдерінің ауыл шаруашылығы министрлері өзара...

Түркі елдерінің ауыл шаруашылығы министрлері өзара тауар айналымын ұлғайту шараларын талқылады

Әлеумет 21.03.2024, 06:21 1,071
Түркі елдерінің ауыл шаруашылығы министрлері өзара тауар айналымын ұлғайту шараларын талқылады
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығыминистрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің отырысы аясында шетелдік әріптестермен және бірқатар делегациялармен екіжақты кездесулер өткізді.


ТМҰ Бас хатшысымен кездесуде Айдарбек Сапаров ұйымның құрамына кіретін елдермен өзара сауданы дамыту бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Министрдің пікірінше, бұған ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары деңгейінде жұмыс тобын құру ықпал ететін болады.


Түрік делегациясымен Айдарбек Сапаров қазақстандық өндірістің ет өнімдерін жеткізу, сондай-ақ ветеринария және фитосанитария саласындағы ТМҰ елдерінің стандарттарын сәйкестендіру туралы әңгімелесті. Қазақстандық тарап түрік нарығына қол жеткізу бойынша шешімдерге өз нұсқаларын әзірлейді. Бұдан әрі Айдарбек Сапаров түркиялық әріптестерімен ZOOM арқылы кеңес өткізеді. Содан соң қазақстандық делегация Анкараға сапармен барады.


Өзбекстан министрімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы Ташкентке жасаған сапары барысында қол қойылған жол картасы тармақтарыныңорындалуын талқылады. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті. Министр республика аумағында астықты терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруды ниетті екенінжеткізді. Өзбек тарапы шекаралас облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің еркін саудасы бойынша "Жасыл сауда аймағын" құрутуралы ұсыныс жасады.


Қырғызстаннан келген делегациямен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын арттыру мәселелері талқыланды. Айдарбек Сапаров "Азық-түлік корпорациясы" мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық астық пен ұнды жеткізуді жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады. Қазақстандық тарап сонымен қатар азық-түлік тауарларының бірқатар түрлерін импорттауға қызығушылық білдірді.


Әзірбайжанның ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер барысында Айдарбек Сапаров әріптесіне қазақстандық астық пен ұнды жеткізудің оңтайлы бағыттарын ойластыруды ұсынды. Әзірбайжан тарапы суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттіекенін білдірді. Әзірбайжан АШМ басшысы жақын арада қазақстандық заңнаманы зерделеу және өңірлердегі жұмыстарды танысу үшін мамандардың жұмыс тобын жібермек. Егжей-тегжейлі зерделеу үшін екі ел де мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асатын болады .


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #министрлер #тауар айналымы #ұлғайту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);