AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Түркі әлеміндегі салт аттылық мәдениет: ғылыми зер...

Түркі әлеміндегі салт аттылық мәдениет: ғылыми зерттеулер тоғысында

Білім және ғылым Бүгін 09:47 49
Түркі әлеміндегі салт аттылық мәдениет: ғылыми зерттеулер тоғысында
ЖИ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен «Ғылым ордасы» РМК мәжіліс залында «Орта ғасырдағы түркі мәдениетіндегі салт аттылық өнерінің феномені» атты халықаралық конференция өтті.

Конференция ҚР ҒЖБМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Бақытжанұлы Сейдіннің құттықтау сөзімен ашылды. Ол кіріспе сөзінде конференцияның негізгі мақсатын айқындап, орта ғасырлардағы түркі салт аттылық өнерінің тарихи-мәдени үдерісін кешенді талдаудың, жаңа пәнаралық тәсілдерді пайымдаудың, оның әскери жүйедегі, әлеуметтік құрылымдағы және мәдени мұрадағы рөлін анықтаудың маңызды міндеттерін белгіледі.

Жиынның салтанатты ашылуы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Шығыс қолжазбалары» Халықаралық деректану орталығының директоры, PhD докторы Нұрлан Кенжеахметтің және Стамбул университетінің «Түріктану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым докторы, профессор Аиша Фураттың құттықтау сөзімен жалғасты.

Конференцияға Түркиядан келген бір топ ғалым арнайы қатысып, ғылыми баяндамаларын ұсынды. Ал жиынға келе алмаған зерттеушілер өз баяндамаларын онлайн форматта таныстырды. Түркиядағы жоғары оқу орындарында қызмет ететін түрік тілі мен әдебиеті саласының маманы, оқытушы және аудармашы Емджед Мансур Шейхоғлу (Emced Mansur Şeyhoğlu) «Құтадғу біліктегі жылқы және атқа міну мәдениеті» мәселесіне тоқталса, түрік тарихшысы, академик және саясаттану саласындағы зерттеуші Умут Гюнер (Umut Güner) «Салт атты сопылар және олардың қозғалыс желілері: Анадолы Селжүк әлеміндегі сопылық, ахилік және атқа міну мәдениеті» тақырыбы бойынша сөз қозғады.

Ал зерттеуші Ибрахим Надериан (Ebrahim Naderian) «Қашқай түріктеріндегі ат және салт аттылық мәдениеті: ортағасырлық түркі дәстүрінің сабақтастығы мен трансформациясы» мәселесін талдап, зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Конференция жұмысына тарих, археология, әскери антропология, мәдениеттану, деректану және өнертану салаларының өкілдері қатысып, түркі әлемінің ортағасырлық ат мәдениеті мен салт аттылық өнерін, жылқы бейнесі мен түрлерін әр қырынан қарастырды. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Н.О.Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Исхан Қайрат Жәлелұлы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнұр Жасағанбергенқызы Қазтуғанова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ислам ілімдері факультеті, Исламтану кафедрасының оқытушысы, PhD докторанты Еркінбек Дәкен және басқа да зерттеушілер болды.

Жиынға модераторлық жасаған PhD Бекарыс Нуриманов ортағасырлардағы түркі халықтарының жылқы өсіру, баптау және т.б. деректермен бөлісті. Сонымен қатар түрік тілінде жасалған баяндамаларды қазақ тіліне аударып, олардың мазмұнын қатысушыларға таныстырып отырды.

Халықаралық конференция ортағасырлық түркі мәдениетіндегі салт аттылық өнерінің тарихи және мәдени маңызын әртүрлі ғылыми бағыттар тоғысында қарастыруға мүмкіндік берді. Баяндамаларда жылқының түркі халықтарының әскери, әлеуметтік және мәдени өміріндегі орны, ат өсіру мен баптау дәстүрлері, атқа міну мәдениетінің тарихи сабақтастығы, әртүрлі өңірлердегі көріністері, сондай-ақ өнердегі көркемдік бейнесі сөз болды. Түркиялық және қазақстандық зерттеушілердің пікір алмасуы ат мәдениетін зерделеудегі пәнаралық тәсілдердің маңызын айқындап, ортағасырлық түркі мұрасын жаңа ғылыми қырынан қарастыруға жол ашты. Конференция барысында көтерілген мәселелер түркі халықтарының тарихи-мәдени тәжірибесіндегі жылқы мен салт аттылық өнерінің орнын, оның өнердегі көркемдік бейнесі мен мәдени мәнін тереңірек зерттеудің өзектілігін көрсетті.

Конференция жұмысы ертең де жалғасып, жаңа ғылыми баяндамалар мен пікірталастарға ұласады.

 

Айнұр Қазтуғанова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Серік Құрманғалиев: Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр

Бүгін 10:26

Алматыда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған арнайы тележоба түсіріледі

Бүгін 10:05

Алматы әлемнің үздік қалаларының қатарына енді

Бүгін 10:04

«Кітап оқитын ұлт»: Димаш Құдайберген де бастамаға үн қосты

Бүгін 09:55

Сейсенбінің ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);