AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емде...

Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Медицина Бүгін 15:03 48
Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған 128 арналы бейне-ЭЭГ мониторингі кешені жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа жабдық эпилепсиялық ұстамалардың ошақтарын дәлірек анықтауға, нейрохирургиялық операцияларды жоспарлауға және еліміздің барлық өңіріндегі балаларға жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кешен ауруханаға «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры тарапынан табысталды.

Жүйе ми қызметінің электрлік белсенділігін ұзақ уақыт бойы тіркеп, бір мезгілде пациенттің бейнежазбасын жүргізуге мүмкіндік береді. Арналар санының көп болуы дәрігерлерге эпилепсиялық белсенділік ошақтарының орналасуын дәлірек анықтауға, эпилепсиялық ұстамаларды эпилепсиялық емес жағдайлардан ажыратуға және хирургиялық емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар жабдық имплантацияланған электродтар арқылы мидың терең құрылымдарының белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Эпилепсиямен ауыратын кейбір пациенттерде дәрі-дәрмекпен емдеуге қарамастан ұстамалар жалғаса береді. Мұндай жағдай фармакорезистентті эпилепсия деп аталады. Бұл кезде хирургиялық емдеу әдістері қарастырылуы мүмкін. Атап айтқанда, эпилепсиялық белсенділік ошағын алып тастау немесе оны термиялық әдіспен жою жүргізіледі. Операция жасау туралы шешім кешенді тексеру нәтижелері, ошақтың орналасуы және хирургиялық араласудың ықтимал қауіптері ескеріле отырып қабылданады.

Бұған дейін бейне-ЭЭГ мониторингі клиникаға сынақ мерзіміне берілген жабдықтың көмегімен жүргізіліп келді. Енді аурухананың өз кешенінің болуы мұндай зерттеулерді тұрақты негізде өткізуге мүмкіндік береді.

Алматылық нейрохирургтермен бірлескен операцияларды өткізу үшін практикалық шеберлік сабағы аясында Алматыға Берлиндегі Шарите университеттік клиникасының (Charité – Universitätsmedizin Berlin) балалар нейрохирургиясы бөлімінің жетекшісі, балалар нейрохирургиясы және эпилепсияны хирургиялық емдеу саласының маманы, профессор Ульрих-Вильгельм Томале келді.

Практикалық шеберлік сабағы аясында фармакорезистентті ошақты эпилепсиямен ауыратын 12 жастағы балаға бірегей операция жасалды.

Науқаста екі жасынан бастап құрысу ұстамалары байқалған. Бірнеше құрысуға қарсы препаратпен ұзақ уақыт емделгеніне қарамастан, ұстамалар тоқтамаған.

Клиникалық жағдайдың күрделілігі мен бұған дейін жүргізілген тексеру нәтижелерін ескере отырып, миға терең электродтар имплантациялау арқылы стереоэлектроэнцефалография жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бұл әдіс мидың әртүрлі терең құрылымдарындағы электрлік белсенділікті тікелей тіркеуге, эпилепсиялық ошақтың орналасуын анықтауға, ұстамалардың пайда болу механизмін нақтылауға және олардың таралу жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді.

Пациент үшін күтілетін нәтиже мен пайдасы

Стереоэлектроэнцефалография жүргізу эпилепсиялық ошақтың орналасуы туралы нақты мәлімет алуға және кейінгі хирургиялық емдеудің мүмкіндігін анықтауға көмектеседі. Егер қауіпсіз әрі орынды деп танылса, патологиялық ошақты алып тастау немесе термоабляция әдісімен жою қарастырылуы мүмкін.

Күтілетін клиникалық нәтиже – эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендету, баланың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік ортаға бейімделуін арттыру және алдағы уақытта ұстамаларды ұзақ мерзімді бақылауға алу.

«Біздің ауруханада жоғары технологиялық диагностика мен емдеу әдістері кезең-кезеңімен енгізілуде. Жаңа 128 арналы бейне-ЭЭГ мониторингі кешені эпилепсиялық ұстамалардың ошақтарын дәлірек анықтауға, нейрохирургиялық операцияларды жоспарлауға және эпилепсияның ауыр түрлерімен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Біздің мамандар терең электродтарды имплантациялау әдісін меңгерген. Ал өз жабдығымыздың болуы осындай зерттеулер мен операцияларды тұрақты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл бағытты Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне арналған эпилепсияны диагностикалау және хирургиялық емдеу жөніндегі референс-орталық деңгейіне дейін дамытуды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.

Алдағы уақытта аурухана эпилепсияны диагностикалау және хирургиялық емдеу бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қызмет көрсететін референс-орталық деңгейіне дейін дамуды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диагностика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

Бүгін 15:34

2026 жылғы 29 қараша - Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы

Бүгін 15:31

Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінде жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды

Бүгін 15:00

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы «Хрустальный шар – 2026» халықаралық сыйлығының арнайы жүлдесін иеленді

Бүгін 14:51

Алтын аю «оянды»

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);