AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінд...

Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінде жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды

Алматы Бүгін 15:00 50
Алматының Түрксіб ауданындағы Александров көшесінде жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды
Алматы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданында тағы бір қоғамдық кеңістік көркейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Александров көшесінің Сейфуллин даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде жүргіншілер мен серуендеуге арналған аймақты көркейту жұмыстары аяқталды.

Жоба тұрғындарға қала инфрақұрылымын дамыту және қоғамдық аумақтарды көркейту бойынша идея ұсынуға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында жүргіншілер жолдары салынып, асфальт жабыны жаңартылды. Орындықтар, қоқыс жәшіктері және воркаутпен айналысуға арналған спорттық құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жүйесі мен автоматты суару жүйесі іске қосылды.

Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 5 000 түп бұта егіліп, 10 544 шаршы метр жерге көгал төселді.

Қазіргі уақытта жобаға қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда. Тұрғындар аудан аумағын көркейту және дамыту жөніндегі ұсынысын budget.open-almaty.kz сайты арқылы жолдай алады.

Қала тұрғындарының ұсыныстарының арқасында қоғамдық кеңістіктер біртіндеп жаңарып, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және демалуға қолайлы әрі жайлы орындарға айналып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көркейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу өткізу кестесі

Бүгін 15:34

2026 жылғы 29 қараша - Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауы

Бүгін 15:31

Алматыда ауыр эпилепсиямен ауыратын балаларды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 15:03

Алматы қаласы Білім басқармасының ахуалдық орталығы «Хрустальный шар – 2026» халықаралық сыйлығының арнайы жүлдесін иеленді

Бүгін 14:51

Алтын аю «оянды»

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);