AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туризм және спорт министрлігі Қытайдағы Қазақстан...

Туризм және спорт министрлігі Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізуге дайындалуда

Әлеумет 22.01.2024, 05:12 1,036 Almaty-akshamy.kz. 
Туризм және спорт министрлігі Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізуге дайындалуда
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу жоспарларын және туризм саласындағы өзара ынтымақтастық одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Қытайға жасаған ресми сапары барысында 2024 жыл – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Ресми кездесу барысында Туризм және спорт министрлігі Қытайдың ірі қалаларында бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу тұжырымдамасын ұсынды. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты наурыз айының соңына жоспарланған. Барлығы 25-тен астам түрлі іс-шаралар өткізілмек.



«Қытай Қазақстан үшін басым туристік нарық пен маңызды серіктестердің бірі саналады. Өйткені екі елдің географиялық орналасуы, Жібек жолы бойындағы тарихы терең байланысы барлық салада өзара ықпалдастыққа оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда елдеріміз арасындағы туристік ағыны пандемияға дейінгі көрсеткішке қайта көтеріліп отыр», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.



Мәселен, Қытай туристері былтыр Қазақстанға ең көп келген ТОП-5 елдің қатарына енді. Статистика деректері бойынша, былтырғы жылдың 9 айында Қазақстанда 75 мыңнан астам қытайлық туристке қызмет көрсетілген. Ал Қытайдан Қазақстанға келушілердің жалпы саны 200 мың адамнан асты. Ведомство басшысы былтыр екі ел арасында визасыз режим енгізілгенін және биыл тікелей рейстер санын аптасына 30-ға дейін ұлғайту жоспарын ескере отырып, туристік ағынның одан әрі артуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар туризм саласындағы маркетинг және инвестиция тартуды, елдердің туристік ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтуді, сондай-ақ тәжірибе алмасуды талқылады. Жиын соңында Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік әкімшіліктері басшыларының алдағы кездесуіне қатысу үшін Сунь Ели мырзаны Қазақстанға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризим #спорт #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);