AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Туристер де салық төлейді

Туристер де салық төлейді

Әлеумет 07.12.2022, 05:37 926
Туристер де салық төлейді
yandex.kz

"Атамекен" талдау қызметінің деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлер "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, саяхатшыға 5% мөлшерінде "bed tax" мөлшерлемесін бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Максималды мөлшерлемені қабылдау туралы шешім шетелдік туристер ағынының өсуіне негізделген. Бұл ретте, статистикалық деректер бойынша, 2022 жылдың І жартысында туристердің қонақ үйлерге орналасу саны пандемияға дейінгі 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 36,7% -ға төмен. Бұл шетелден келетіндерге негізделген туризм нарығы әлі қалпына келмегенін көрсетеді.


Айта кететіні, осы қаулының жобасын нарық қатысушылары егжей-тегжей талқыламаған. Кәсіпкерлер бұған әлі ерте деп санайды. Алматы қаласы кәсіпкерлерінің пікірінше, 5% мөлшерлемемен "bed tax" енгізу туристер ағынын азайтады.



"Өздеріңіз білетіндей, туризм саласы, оның ішінде туристерді орналастыру қызмет нарығы COVID-19-дан ең көп зардап шекті – шекаралардың жабылуы, әуе қатынасының тоқтатылуы, турлар мен брондаудың жаппай жойылуы, бос тұрған кезде ғимараттар мен қызметкерлерді күтіп-ұстау қаражаты есебінен жабу салаларға айтарлықтай қаржылық залал келтірді", – деді Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова.



ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасы бойынша туристердің демалыс орындарына орналасу көрсеткіштері бұрынғыдай төмен деңгейде –28,2%. Астана қаласында – 31,5%, қызмет көрсетілген келушілер саны – 2 971 696 адам, соның ішінде 291 984 адам резидент емес, бұл туристердің жалпы санынан резидент еместер 9,82%-ды құрайды.


"Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін қонақ үйде орналасу құнының 5%-ы мөлшерінде бекітті.



 "Қонақүйлер маркетинг құралы ретінде тұру құнымен жұмыс істейді, маусымына байланысты бағаны төмендетіп, көтереді. Сондықтан, бұл мөлшерлеме тұруға арналған қызмет құнына және статистикалық деректерге байланыстыру – салық сомасына үнемі әсер етіп, түсінбеушілік тудырады. Оның үстіне бұл жұмысшылар санын көбейту қажеттілігіне әкеледі", – дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.



"Bed tax" арқылы жиналған қаражат туризм инфрақұрылымын дамытуға және өңірлердегі бағыттарды ілгерілетуге жұмсалады деп болжанған болатын. Алайда, бұл ереже қаулының соңғы редакциясынан, сондай-ақ 2023 жылға нөлдік мөлшерлеме енгізу туралы ұсыныстан кейін алынып тасталды.


Алматы туристік нарығы салық мақсаты ашық болуы керек деп есептейді. Ол үшін мынадай механизмдерді әзірлеу қажет:


- туристік салықты алудың қарапайым, түсінікті тәсілі;


- туристік салықтың қаражаты қандай мақсаттарға бағытталуын бақылау;


- туристік алымның қаржылық ресурстарын тек туризмді дамытуға бағыттау қажеттігін және туристік нарыққа қатысушылардың Қазақстанды туристік бағыт ретінде жарнамалауға және насихаттауға жұмсайтын шығындарын жабуды қамтамасыз ету.


Еске салсақ, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанынан Туризм саласындағы комитет жұмыс істейді. Оның мақсаты – қаладағы саланың дамуына ықпал ету. Бұдан басқа алаңда салалық даму бағдарламалары, инвестициялық жобалар, әдіснама, өңіраралық және салааралық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="99"]'); } }, 1500);