Тұрғын үй кешендерінде не үшін айыппұл салынуы мүмкін?

  • 13:09, 04 тамыз 2025
Тұрғын үй кешендерінде не үшін айыппұл салынуы мүмкін? Жасанды интеллект

Қазақстандағы тұрғын үй кешендерінде не үшін айыппұл салынуы мүмкін? Аqshamnews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Айыппұлдар: кіреберісте не істеуге болмайды?

Қоқыс пакеттерін кіреберіске шығаруға болмайды

Есік алдына кішкентай қоқыс пакетін қойсаңыз да, бұл ереже бұзу болып есептеледі және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы "Қоғамдық орындарды ластау" бойынша сараланады. 

Айыппұл: жеке тұлғалар үшін – 10-нан 20 АЕК-ке дейін (39 320 теңгеден 78 640 теңгеге дейін). 

Темекінің тұқылын жәшікке тастамай, терезеден немесе подъезде лақтыру, сондай-ақ подъезде шылым шегуге болмайды

Пәтер терезесі не балконынан тасталған темекі тұқылы бұзушылық болып есептеледі және КоАП-тың 434-2-бабына жатады – "Қоғамдық орындарды ластау".

Айыппұл: жеке тұлғалар үшін – 10-нан 20 АЕК-ке дейін (39 320 – 78 640 теңге)".

Подъезд сияқты ортақ пайдаланылатын орындарда шылым шегу, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдары, кальян темекісі, кальян қоспалары, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, электрон тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды қолдану тыйым салынған. Оларды тұтынуға тыйым салу заңнамада реттелген.

КоАП 441-бабы – "Белгіленбеген орындарда шылым шегу"

Айыппұл: 15 АЕК (58 980 теңге)

Подъезде алкоголь ішуге болмайды

Көпқабатты үй подъезінде алкоголь ішетіндер көршілерге жайсыздық тудырып қана қоймай, қоғамдық тәртіп ережелерін де бұзады.

Тұрғын үй подъездерінде алкогольді ішімдіктер ішу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабына "Алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу" сәйкес сараланады. 

Айыппұл: 5 АЕК (19 660 теңге)".

Подъезд қабырғаларына сурет салу немесе ғимараттың қасбетін бүлдіруге болмайды

Көпқабатты үйдің қабырғасына өз "ізін" қалдырған адам тек эстетиканы бұзып қоймай, заңды да бұзады.

Ғимараттар, басқа құрылыстар, тұрғын үйлер, ортақ пайдаланылатын орындар, көліктегі мүлік және басқа да қоғамдық орындарды бүлдіргендер заң алдыда жауап береді.

Айыппұл: 50 АЕК (197 600 теңге) немесе 5-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамау".

Жөндеуден кейінгі қоқысты қалдыруға болмайды

Үйіңіздің маңында немесе ортақ аумақта құрылыс қалдықтарын уақытша сақтау да заң ережелерін бұзу болып есептеледі.

Құрылыс қоқыстарын подъезде немесе ортақ аумақта қалдыру ӘҚбтК 505-бабы "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелерін бұзу, инфрақұрылым нысандарын жою, көгалдарды жою және бүлдіру" бойынша қаралады. 

Айыппұл: 20-дан 30 АЕК-ке дейін (78 640 – 117 960 теңге)".

Подъезде велосипед, арба және басқа да жеке заттарды қалдыру

Кіреберісте велосипед немесе баспалдақ алаңына ескі жиһаз сақтау эвакуацияға кедергі келтіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзады.

Жеке заттарды (велосипед, жиһаз және т.б.) ортақ пайдаланылатын орындарда сақтау ӘҚбтК 410-бабына сәйкес "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" сараланады.

Айыппұл: 5-тен 10 АЕК-ке дейін (19 660 – 39 320 теңге)".

Подъезде немесе рұқсат етілмеген жерде ит, мысық ұстау

Жануарларды рұқсат етілмеген жерлерде серуендету немесе подъезде ұстау көршілерге жайсыздық тудырып қана қоймай, санитарлық нормаларды бұзады.

Айыппұл: 10-нан 20 АЕК-ке дейін (39 320 – 78 640 теңге)".

Түнде шулауға болмайды

Түн ішінде музыкаы қатты қою немесе жөндеу жұмыстарын жасау көршілердің тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл салуға негіз бола алады.

Тыныштықты бұзу жұмыс күндері сағат 22:00–09:00, демалыс және мереке күндері 23:00–10:00 аралығында тіркеледі. Бұл – ӘҚбтК-тің 437-бабы бойынша реттеледі.

– Жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК (19 660 тг)
– Шағын бизнес – 20 АЕК (78 640 тг)
– Орта бизнес – 30 АЕК (117 960 тг)
– Ірі кәсіпкерлер – 100 АЕК (393 200 тг).

Қоғамдық орындарда (оның ішінде тұрғын үй кешенінің аумағында) не істеуге болмайды?

Көршілерге тиісуге болмайды

Егер подъезд немесе тұрғын үй кешенінің аумағында біреу көршілерге тиісіп, балағат сөздер айтып, жағымсыз ұсыныстар жасаса, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептеледі және айыппұл салынады.

Айыппұл: 5–10 АЕК (19 660 – 39 320 теңге) немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау".

Көшеде немесе подъезде дәрет сындыруға болмайды

Егер біреу қоғамдық жерде, аулада, подъездің жанында немесе ішінде дәрет сындырса, бұл санитарлық нормаларды бұзу және қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептеледі.

Айыппұл: 20 АЕК (78 640 теңге) немесе 5–15 тәулікке дейін әкімшілік қамау".

Тұрғын үй кешені аумағында не істеуге болмайды?

Автокөлікті рұқсат етілмеген жерге қоюға болмайды

Көлікті газонға немесе парк аймағына қою көгалдарға зиян келтіреді және абаттандыру ережесін бұзу саналады.

ӘҚбтК-тің 505-бабы бойынша – "Қалалар мен елді мекендердің аумағын көркейту ережелерін бұзу, инфрақұрылым нысандарын жою, көгалдарды бүлдіру".

Айыппұл: 5-тен 30 АЕК-ке дейін (19 660 – 117 960 теңге)".

Көлікті подъезд алдына қоюға болмайды

Көлікті подъездің алдына қою басқа тұрғындарға кедергі келтіреді және көлік құралдарын тоқтату ережесін бұзу саналады.

Айыппұл: 5-тен 30 АЕК-ке дейін (19 660 – 117 960 теңге).

Көлікті аулада жууға болмайды

Тұрғын үй ауласында көлікті жуу, әсіресе химиялық заттарды қолдану аумақты ластап, санитарлық нормаларды бұзады.

Айыппұл: 5-тен 30 АЕК-ке дейін (19 660 – 117 960 теңге). 

Алматыдағы көпқабатты үйлерде жиі кездесетін құқықбұзушылықтар

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше,
көп жағдайда тұрғындар подъезге қоқыс жинау, үй маңында көлік жуу, жөндеуден кейінгі құрылыс қоқыстарын үйіп қою, құрылыс материалдарын және ірі габарит заттарды сақтау сияқты қоғамдық тәртіп ережелерін бұзады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:48

16:47

16:42

16:32

15:53

15:30

14:37

13:09

12:10

11:43

11:36

10:39

10:21

10:18

09:52

08:21

17:16

17:07

16:38

16:33

15:55

15:40

14:20

13:20