AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үй депозиттерін жеке банктерден де ашуға бо...

Тұрғын үй депозиттерін жеке банктерден де ашуға болады

Әлеумет 10.02.2026, 09:00 337 yakiya
Тұрғын үй депозиттерін жеке банктерден де ашуға болады
Сурет: Norma.uz

Қазақстанда тұрғын үй депозиттерін енді екінші деңгейлі банктерден де ашуға болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тиісті түзетулер "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда көрсетілген.

"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңындағы 3-баптың 1-тармағы келесі мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады. 

"Осы Заңның мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес алынған банк лицензиясы негізінде осы Заңның 5-бабы 1- тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мәртебесіне ие емес екінші деңгейдегі банктер де тұрғын үй құрылысы жинақ банктері деп түсініледі", – делінген құжатта.

Оған сәйкес, енді екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына депозиттер қабылдап, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу сияқты функцияны атқарады. Сондай-ақ  баспана жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын бере алады. 

Бірақ та, шектеу де бар. "Отбасы банкте" ашылған депозитке мемлекеттен жыл сайынғы сыйақы беріледі. Бұл ереже басқа банктерде қолданылмайды. 

Оған сәйкес, "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" заңдағы 10-баптың 6-тармағы ("Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары") келесі мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады. 

"Осы баптың ережелері ҚР банк заңнамасына сәйкес алынған банк лицензиясы негізінде осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мәртебесіне ие емес екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды", – деп жазылған заңда.

Айта кететіні,  "Отбасы банк" жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың салымына 20 пайыз көлемінде сыйақы беріп отырады. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депозит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);