AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / TURAN ансамблі әлемдік турне өткізеді

TURAN ансамблі әлемдік турне өткізеді

Мәдениет 31.03.2023, 15:38 1,258
TURAN ансамблі әлемдік турне өткізеді
Сурет: Elorda.info

TURAN этно-фольклорлық ансамблі өзінің 15 жылдық мерейтойына орай әлемдік турне өткізеді.


Бұл гастрольге Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп отыр. Гастрольдер АҚШ астанасы – Вашингтонда басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


1-17 сәуір аралығында Turan Еуропада бірнеше концерт өткізеді. Атап айтқанда, ансамбль Франция астанасы Парижге, Лион және Бельфорға, Швейцария астанасы Женеваға, Бельгия астанасы Брюссельге, Хорватия астанасы Загребке, Словения астанасы Люблянаға, Будапешт пен Венаға барады.


Айта кетейік, гастрольдер АҚШ астанасы – Вашингтонда басталды. Наурыз мейрамы аясында 21-23 наурыз аралығында ұжым Колумбия округі университетінде және Джордж Вашингтон университетінің сахнасында өнер көрсетті.


Турне аясында сахнаға  Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерттің» басқа да солистері шығады: композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерттің» директоры Ақтоты Райымқұлова, атақты тенор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев пен виолончелист, Шанхай консерваториясының магистранты Талғар Шалқарұлы. Әрі қарай ансамбль Қырғызстан мен Өзбекстанға барады.



«Осы 15 жыл ішінде Turan АҚШ-та және басқа елдерде бірнеше рет өнер көрсетті. Ансамбль бұған дейін Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Сан-Франциско және Вашингтондағы Карнеги холл және Кеннеди орталығы сияқты орындарда концерт берген. Ансамбль еліміздің ежелгі музыкалық өнерін, көмеймен əн орындау өнерін, көне аспаптардың дыбысын қайта жаңғыртты. Бұл ретте, ол бүкіл әлемдегі сан мыңдаған тыңдаушылардың құрметіне ие болды, бұл шетелдіктердің ұжымға деген қызығушылығының дәлелі», - деп атап өтті ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#TURAN #ансамбль #турне
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

7 және 9 мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 12:29

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59

Алматыда бірнеше көшеде жарық уақытша өшеді

Бүгін 11:47

Алматыда тауда кәмелетке толмаған қыздар адасып кеткен

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);