Тегін вакцинация бірінші кезекте тұмау мен оның асқынуларына барынша осал топтарға жүргізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Халықты тегін вакцинациялау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізілді. Екпе Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтілді. Қалған өңірлерге вакцина 5 қазанға дейін жеткізіледі.
ДСМ хабарлауынша, екпе салу науқанын өткізу үшін ресейлік «Гриппол
» вакцинасы сатып алынған. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.