AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің ес...

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Білім және ғылым 03.04.2026, 15:29 255 Дина
«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU»  оркестрінің есептік концерті өтеді

2026 жылғы 3 сәуір Қазақстан-Британ техникалық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Tumar KBTU» атты студенттік ұйымының жеке есептік концерті өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Tumar Tunes" – бұл өнерге деген ортақ мақсат біріктірген «Tumar KBTU» студенттік ұйымы мүшелерінің басын қосып, біртұтас оркестр ретінде сахнаға шығатын бірегей музыкалық жобасы. Бұл кеш жас таланттардың басын қосатын кәсіби сахналық қойылым ғана емес, сонымен қатар студенттердің артистік харизмасы мен шығармашылық еркіндігін көрсететін ерекше шоу. Оркестрдің репертуары өзінің жанрлық байлығымен ерекшеленеді: мұнда қазақтың қасиетті күйлерімен қатар, әлемге әйгілі сериалдар мен анимелердің саундтректері, өшпес классикалық туындылар және драйвқа толы рок композициялары жаңаша өңдеуде орындалады.

2026 жыл еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларға толы. Биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті өзінің 25 жылдық мерейтойын мақтанышпен атап өтуде. Осынау символикалық кезеңде біз ұлттық рухтың алыптары — күй құдіретін асырған Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығын, вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығын, әдебиет пен өнердің бірегей тұлғалары Қабдеш Жұмаділов пен Ілияс Жақановтың 90 жылдығын, сондай-ақ бұлбұл дауысты Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойын ерекше құрметпен еске аламыз. Осы айтулы даталар аясында «Tumar KBTU» студенттік ұйымы өзінің «Tumar Tunes» атты ауқымды есептік концертін ұсынады.

Кешке ҚБТУ, АУЭС, НАРХОЗ, KazGASA және SDU сияқты жетекші жоғары оқу орындарының талантты студенттері атсалысып, өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, кештің мәртебелі қонақтары ретінде «Ұлытау– тобы мен Ансар Ильясов сынды танымал өнер иелері қатысып, кештің сәнін кіргізеді. Сапалы дыбыс пен кәсіби режиссурамен ұйымдастырылған бұл шара студенттер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, жас буынның артистік харизмасын паш ететін жарқын оқиға болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);