Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Туа біткен кемістіктердің ерте анықталуы 10%~ға өс...

Туа біткен кемістіктердің ерте анықталуы 10%~ға өсті

Медицина 27.02.2025, 17:19 606
Туа біткен кемістіктердің ерте анықталуы 10%~ға өсті
Сурет: Gov.kz

Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

«Алғаш рет неонаталдық көмекті ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітілді, реанимация бөлімшелерінде мейіргердің жаңа туған нәрестеге 1-ден 1-ге дейінгі арақатынасы қағидаты белгіленді. Перинаталдық орталықтардың базасында неонаталдық хирургияны дамыту жалғасуда, орта есеппен жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте жедел ем алады», - деді А.Әлназарова.

Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.

Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.

«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кемістік #туа біткен #ерте анықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08

Алматылық актерлер жаңа конституция туралы пікір білдірді

Бүгін 11:04

Алматыда «Jas Stars» атты концерт өтеді

Бүгін 10:46

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30

Алматы – Астана тасжолында жылдамдықты өлшейтін құрылғылар орнатылды

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі