AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды...

Цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті

Медицина 10.08.2026, 14:12 232
Цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті
Pixabay.com

8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде.

2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды.

Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Ел тұрғындары дәрігердің қабылдауына цифрлық сервистер арқылы жазылу мүмкіндігін барған сайын жиі пайдалануда. 2025 жылы онлайн жазылу қызметін 5,6 миллион азамат қолданды. Бұл мамандардың қабылдауын тіркеу бөліміне жүгінбей-ақ алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдер маңызды диагностикалық зерттеулерді күту мерзімін де қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту уақыты үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

Цифрлық денсаулық сақтауды дамытудың келесі кезеңі денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. 2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі 7 миллионнан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 миллион әйел және 400 мың жүкті әйел бар.

Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және медициналық бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта онлайн брондау қағидаты бойынша дәрігерлердің бірыңғай қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтарға, медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар кері байланыс тетіктері мен медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растау құралдары одан әрі дамытылады.

Бұдан бөлек, медициналық анықтамаларды толықтай цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді, ыңғайлы әрі оның қажеттіліктеріне бағдарланған ету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Бүгін 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Бүгін 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Бүгін 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Бүгін 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);