Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы Ан...

Триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы Антарктиданы жүзіп өтті

Спорт 05.01.2025, 08:11 723
Триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы Антарктиданы жүзіп өтті
Сурет: zhaikpress.kz, Әнел Сытдықованың жеке мұрағатынан

Оралдық Әнел Сытдықова Антарктиданы жүзіп өтті.

 Қазақтың қайсар қызы температурасы -1,5 градус болатын мұздай суда 750 метрді небәрі 18 минутта еңсерген. Әнелдің кәсіби спортпен шұғылданғанына небәрі 10 жыл болған.

Әнел Сытдықова бүгінде Англияның Оксфорд қаласында тұрады.  Жаңа жылды әркез туған жері Оралда қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Биыл Әнелді әуежайда ата-анасы ғана емес, ондаған спорт жанкүйерлері күтіп алды. Оған басты себеп – 46 жастағы қайсар қыздың жуырда Антарктидада 750 метрді жүзіп өтуі.

Қаймен Есендияров, спорт ардагері:

- Ла-Манш, 20 көпір және Каталина бұғазын жүзіп өткен адамдарға әлемнің 3 тәж ханшайымы атағы беріледі. Сол клубқа Әнел қарындасымыз енді. Онымен әрі қарай спорттық деңгейін жалғастырып, күні кеше қараша айында Антарктидада 13 ең мықты әйел-ерлер қатысқан марафонға қатысып, тек қазақ емес, әлемнің ең мықтылардың бірі деп есептеуге болады. 

Әнел Сытдықова Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы Атамекен ауылында дүниеге келіпті. Әкесінің сөзінше, бала кезден өжет боп өскен. Спортпен шындап шұғылдануды да 35 жасында ғана бастапты. Ашық суда жүзгеніне 10 жыл болса, қысқы жүзумен айналысқанына тек 5 жыл екен.

Әлібек Сытдықов, Әнелдің әкесі:

- Кеше Солтүстік Ирландияға, онда су 10 градус, соған 3 рет дайындалып, екі рет өте алмай қалды. Онда 34 шақырым. Былай айтқанда, 20 сағаттай жүзу керек. Бірақ су 10 градус. Мен қанша айттым: «қойсаңшы, нетсейші, балаларың бар», - деп. «Жоқ, тағы көрем», - дейді. Енді тағы да үшінші рет болар. 

Әнел Сытдықова – триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы. 2019 жылы Англия мен Франция арасындағы 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 15 сағатта гидрокостюмсіз жүзіп өтсе, 22 жылы Манхеттен көпірлерін айналып, 48 шақырымды артқа тастаған. Сол жылы 34 шақырымдық Каталина бұғазын бағындырған.

 Әнел Сытдықова, жүзгіш-марафоншы:

- Салқын суда жүзу қиын. Қиын ғана емес қауіпті, егер тәжірибең болмаса. Өйткені мұхитта түн ішінде небір жыртқыш балықтар қасыңнан өтіп жатады. Сезіп бара жатасың. Толқындар қандай? Айсбергтер кездеседі. Мұздай суда аяқ қолың құрысып та қалуы мүмкін. Бірақ қыста суға түскеннен кейін мықты күш, энергия сезінесің. Мен бала кезде бассейнге бармадым. Жүзумен соңғы кезде ғана шындап шұғылдандым. Англияда ашық суда жыл бойы жүзуге мүмкіндік мол.

 Әнел туған жерінде де шынығуын тоқтатпады. Үш күн бойы қалалық саябаққа келіп, ақ қар, көк мұзда Шағанға шомылды. Үш баланың анасы әрі қазақтың қайсар қызы келешекте Солтүстік полюсті бағындыруды жоспарлап қойған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#триатлон #қазақстандық спортшы #Антарктида #жүзу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика