Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Трансплантациядан кейінгі Еуропа чемпионатында Қаз...

Трансплантациядан кейінгі Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды

Спорт 05.09.2022, 17:00 1,309
Трансплантациядан кейінгі Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Қатысушылар жүзу, үстел теннисі, дартс, боулинг және волейболдан ерлер командасы сияқты спорт түрлерінен жарысты


Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) өткен ағзаларды транспланттаудан кейінгі және диализде жүрген адамдар арасындағы Еуропа чемпионатында Қазақстанның құрама командасы 26 медальдан 12 медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте 18-ші орынға ие болды. Біздің құраманың қоржынында 1 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Чемпионатқа Еуропалық спорт федерациясына мүше 26 елден барлығы 400-ден астам спортшы қатысты. 2018 жылдан бастап осы федерацияда Қазақстанның атынан "Өмір тынысы" трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестігі өкілдік етуде.


2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрама командасы 16 спортшыдан, 2019 жылғы республикалық жарыстардың жүлдегерлерінен, жүрек және бүйрек трансплантациясынан өткен, сондай-ақ диализдегі спортшылардан тұрды.


Қатысушылар жүзу, үстел теннисі, дартс, боулинг және волейболдан ерлер командасы сияқты спорт түрлерінен жарысты.


Осылайша, Лаура Табажанова 29-40 жас аралығындағы әйелдер арасындағы үстел теннисінен жеңіске жетті. 19-30 жас аралығындағы ерлер арасында бұл санатта Еламан Дәулетхан екінші орынды иеленді.


50 метрге жүзуде күміс және қола медальді Жетпіспаев Марат пен Гүлмира Нұғманова әкелді.



«Ержан Мұхамадиев пен Оспанов Жәнібек жұптық боулингте екі күміс медаль жеңіп алды. 40-49 және 30-39 жас аралығындағы дартстан өткен жарыста Ержан Мұхамадиев, Аят Айтманов және Мұхамет Опабеков күміс медальді иеленді. Еуропалық чемпионатты өткізудің басты мақсаты ағзалар донорлығын дамытуға назар аудару және трансплантациядан кейін пациенттердің мүмкіндіктерін көрсету болып табылады», - делінген хабарламада.



Өз кезегінде, Қазақстан командасының трансплантациядан өткен адамдар мен диализдегі пациенттер арасындағы халықаралық жарыстарға қатысуы қазақстандық медицина дамуының жоғары деңгейін көрсетеді, онда бүгінгі күні органдарды ауыстыру бойынша операцияларды жүргізу үшін барлық инфрақұрылымдық және технологиялық база құрылған. 


Трансплантация адамдарды толыққанды өміріне қайтарып, өмір сүру сапасын арттырады, олардың физикалық жағдайы спортпен шұғылдануға және тіпті халықаралық спорт алаңдарында елдің намысын қорғауға мүмкіндік береді.


Жәнібек Оспановтың жетекшілігімен "Өмір тынысы" қоғамдық ұйымы Қазақстанда трансплантациядан кейін адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға және өлімнен кейінгі донорлықты және ағзаларды алмастыруды дамытуға жәрдемдесуді мақсат етіп қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #чемпионат #трансплантация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика