Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Төрт жасар балаға күрделі ота жасалды

Төрт жасар балаға күрделі ота жасалды

Медицина 25.04.2024, 07:59 1,480
Төрт жасар балаға күрделі ота жасалды
almaty-akshamy.kz

Алматы және Мәскеу микрохирургтары қатты күйіктен зардап шеккен балаларға күрделі ота жасады


Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында сирек кездесетін аяқ-қол сирек патологиясы, ауыр күйігі мен тыртығы бар балаларға ота жасалды. Әрбір ота ерекше. Өйткені барлық клиникалық жағдайдың өзі сирек кездеседі, деп есептейді қазақстандық дәрігерлер. Ота кезінде барлық клиникада кездеспейтін тың технология қолданылады.


«Шеберлік дәрісі аясында бірлескен оталарды қазақстандық дәрігерлер мен аяқ-қол микрохирургиясы бойынша әлемдік деңгейдегі маман, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев жасады. Оның елімізге «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Біз бірге туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қолында ақауы бар төрт балаға ота жасадық. Бұл негізінен балалардың сапалы өмір сүруіне кедергі келтіретін күйіктер мен тыртықтар болатын», – дейді Алматы қаласының №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.




«Төрт жасар Серік Мүслім термиялық күйіктің ауыр зардабын тартқан. Оған бірнеше жыл бұрын ота жасалған болатын. Енді қанмен қамтамасыз етілген тінді аяқтағы күретамырға трансплантациялау қажет болды. Нәтижесі жақсы: білектегі кемістік жойылып, қол емін-еркін қозғалуы үшін көп жарақаттанбаған бас бармақпен жұмыс істедік», – дейді №2 ҚБКА травматолог-дәрігері Ұлжан Солтанбекова.



Тағы бір кішкентай науқас Айғаным Нұрбекқызына «Термиялық күйіктің салдары» деген диагноз қойылған. Анасы бір жасында Айғанымның аяқ-қолы қайнаған суға күйгенін, кейін жаралар толық жазылмай, аяқ бақайының бүгілуіне кедергі келтіретін тыртықтың пайда болғанын айтады. Отадан соң қыздың оң тізесінің буыны бүгілетін болды, науқастың анасы дәрігерлерге алғыс айтып, Айғанымның бақайының қозғалғанын бүкіл отбасы болып күткенін айтады. Қазір Айғаным қозғала алады, отадан кейінгі қалпына келу ем-шарасын қабылдап жатыр.



Шеберлік дәрісін өткізген Игорь Голубевтің бұл Алматыға алғашқы сапары емес. Ол күрделі диагнозы бар балаларды қазақстандық микрохирург әріптестерімен бірге емдейді. Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры былай дейді:



«Бұл жолы емделуі өте қиын және басқа мүшеден тіндерді енгізуді қажетсінетін күйіктің салдарымен жоюмен айналыстық. Атап айтқанда, кеше біз ыстық пешті қолымен ұстап алып, барлық саусағы бырысып күйіп қалған балаға ота жасадық. Біз барлық клиникада кездеспейтін эксклюзивті технология қолданамыз. Балалармен және сезімтал тіндермен жұмыс жасауда әр миллиметр маңызды рөл атқарады, біздегі барлық клиникалық жағдайдың сирек кездесетінін ескерсек, әрбір ота өзінше ерекше»,  деп сөзін түйіндеді микрохирургия және қол жарақаты бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев.



Қазіргі уақытта ота жасалған барлық бала өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер 7-10 күн бойы стационар жағдайында бақылап, кейін оларды біртіндеп ауруханадан шығаратынын айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ота #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика