AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейтуді...

Тоқаев шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды

Саясат 28.11.2022, 15:04 1,322 Almaty-akshamy
Тоқаев шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды
Сурет: Ақорда

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуге ерекше назар аудару қажет


Бүгін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының XVIII жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы шекара маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан Президенті елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін бірлескен күш-жігерді бірнеше салаға жұмылдыруды керек екенін атап өтті. Осы орайда шекара маңындағы және өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның қызметін күшейту қажет. Шағын комиссияның негізгі міндеттерінің қатарында өңіраралық ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру әрі іске асыру жатады. Соңғы отырыс 2019 жылдың қазан айында өтті. Алайда коронавирусқа байланысты содан бері шағын комиссия аясында отырыстар болған жоқ.


Мемлекет басшысының пайымынша, аталған комиссияның кезекті отырысын жақын арада өткізу керек. Себебі талқылауды қажет ететін кейбір мәселелер бар.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қарағанда, шекара маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтуге ерекше назар аудару қажет. Бұл жұмысты қалыптасып келе жатқан трансұлттық дәліздерді назарға ала отырып жүргізу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #шекара #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);