Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүш...

Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті

Өмір-өзен 22.06.2022, 09:05 1,292
Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті.


Президент Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.



Президент мектепті «Алтын белгімен» бітірген Бибісара Асаубаеваға табыс тілеп, Гүлісхан Нақбаеваны өткен туған күнімен құттықтады.


Әңгімелесу және пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұлттық құрама көшбасшылары – Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы сөз сөйледі.



Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде елімізде шахмат спортын дамыту, оның ішінде мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау жөніндегі қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.



Президент мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу, Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу жөніндегі ұсынысты қолдады.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға бұдан былай да қолдау көрсететінін атап өтіп, жас спортшыларға халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #шахмат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика