конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Билік 03.03.2026, 16:59 337 Сұлу
Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді
Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.
 
Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.

Бұл ретте Президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ.

Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);