конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тоқаев Жетісу облысының әкімін қабылдады

Тоқаев Жетісу облысының әкімін қабылдады

Алматы 14.03.2023, 17:58 931
Тоқаев  Жетісу облысының әкімін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесу барысында облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту шараларына баса назар аударылды.


Мемлекет басшысына өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың Телеграмдағы каналына сілтеме жасап.


Атап айтқанда, игерілмей жатқан жерлерді қайтарып, ауыл шаруашылығы айналымына қосу, ирригация жүйелерін қалпына келтіру және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы егін өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.


Бейбіт Исабаевтың айтуынша, қант өндірісі саласының дамуы ұдайы бақылауда. Ақсу қант зауытын іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл кәсіпорын 40 мың тоннаға дейін қант құрағын өндіруді жоспарлап отыр.



Жалпы, өңірде осы жылы 132 мың тоннаға дейін қант өндіріледі. Бұл облыстың қантқа деген қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, өнімді басқа өңірлерге де жеткізуге мүмкіндік береді. 2026 жылға қарай қант қызылшасы алқабын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.



Сонымен қатар Мемлекет басшысына тұрғын үй құрылысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жол инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жай-күйі, оның ішінде өңірдің газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде Жетісу облысындағы 22 елді мекенге газ құбыры тартылып, 288 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 20 елді мекен газға қосылады.



Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін облыста 23 мектеп салу жоспарланып отыр. Соның ішінде 10 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілмек. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 59 медицина нысанын салу, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 57 блокты-модульді бөлімшелерді пайдалануға беру көзделген. Президентке «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының даму барысы жөнінде баяндалды. Оның аумағында индустриялық парктің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.



Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Исабаевқа инвестиция тарту үшін туризм, көлік және логистика салаларының әлеуетін барынша тиімді пайдалануды тапсырды. Мемлекет басшысы өңірде агроөнеркәсіп кешені мен қант өндіру саласын дамыту, сондай-ақ игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару ісін жалғастыру маңызды екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу #әкім #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Кеше 09:33

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

26.06.2026

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

26.06.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);