Тоқаев жаңа Рим Папасының сайлануымен құттықтады

  • 10:09, 09 мамыр 2025
Тоқаев жаңа Рим Папасының сайлануымен құттықтады akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Лев XIV-ке апостолдық тағына сайлануына байланысты қазақ халқының атынан шын жүректен құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10