AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Тоқаев Челябинск – Болашақ – Иран бағытында жүрдек...

Тоқаев Челябинск – Болашақ – Иран бағытында жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды

Экономика 25.05.2023, 15:30 2,354 Almaty-akshamy
Тоқаев Челябинск – Болашақ – Иран бағытында жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынды
Сурет: Ақорда

Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысындағы сөзінде интеграциялық дамудың тағы бір маңызды бағыты жаңа халықаралық көлік артерияларын құру болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.



"Біздің экономикалық одақ, сайып келгенде, Еуропа мен Азия, жаһандық Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы байланыстырушы буынға айналатындығына сенімдімін. Біз Ресей Федерациясының ҚХР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бағытында дәліздерді қалыптастыру жөніндегі ниеттерін құптаймыз. Транскаспий бағытымен ұштастыра отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажеттілігі туралы ой-пайым әбден-пісіп жетілді деп санаймын", - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы осы ретте Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдыра отырып, ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы болатынын баса атап өтті. Сондай-ақ ол үлгілі бастама ретінде "Челябинск-Болашақ-Иран" теміржол магистралі бойынша жүрдек жүк пойыздарын іске қосуды ұсынатындықтарын жеткізді. 



"Бұл үшін Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық аша отырып, "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізінің қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автомобиль жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз. Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін күш жұмылдыру маңызды. Сол себепті Қазақстан мұны сөзсіз іске асырады", - деді Тоқаев.



Президенттің айтуынша, Бақты – Аягөз темір жолының құрылысын өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нақты мысалы деуге болады. Оның іске қосылуы Қазақстанның да, Ресейдің де Қытай бағытына жөнелтетін жүк көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);