Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кезде...

Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Саясат 13.10.2022, 12:35 1,583
Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Президент өзінің жуырда Бакуге жасаған сапары қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтергенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.



– Елімізге келіп, саммитке қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасқа арнайы тоқталғым келеді. Бакуге сапарым кезінде көрсеткен қонақжайлығыңызға ризашылығымды білдіремін. Біздің келіссөздеріміз табысты болды және шет мемлекеттердегі саяси және экономикалық топтардың назарын аударды. Біз Әзірбайжанды одақтасымыз, стратегиялық серіктесіміз деп есептейміз. Әрқашан осы бағытты ұстанамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Қазақстан мен Әзірбайжан президенттері қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау жөнінде үкіметтерге тапсырма берілгенін атап өтті.



– Әзірбайжан өз аймағында ғана емес, кең географиялық ауқымда да маңызды рөл атқарады. Қазір күн тәртібінде «Орта дәлізді» дамыту мәселесі тұр. Біз де осы форматтағы жұмыстарды жалғастыруға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.



Сонымен қатар президенттер екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара табысты іс-әрекетін, оның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның тарихи және мәдени құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуын жоғары бағалады.



– Біз Әзірбайжанның көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшені ауыстыру туралы айттық. Елордамызда оған лайықты орын бар деп санаймын. Мұндай орын табылды. Мен оны мақұлдадым. Ендігі мәселе уақыттың еншісінде, – деді Қазақстан Президенті.



Ильхам Әлиев АӨСШК саммитіне шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.



– Бауырлас Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Сондай-ақ өткізілген саммиттің оң нәтижелерімен құттықтағым келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі мен беделі жоғары екенін көрсетеді. Ең алдымен, Гейдар Әлиұлы Әлиевті еске алып, құрмет көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің сапарыңыздан бері біз жақсы жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткіздік, – деді Әзірбайжан Президенті.



Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлиев #Тоқаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Кеше 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика