конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Томотерапия туралы түсіндірме: пациенттер сәулелік...

Томотерапия туралы түсіндірме: пациенттер сәулелік емді толық көлемде алуды жалғастыруда

Медицина Бүгін 16:12 40
Томотерапия туралы түсіндірме: пациенттер сәулелік емді толық көлемде алуды жалғастыруда
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Соңғы екі жылда Қазақстанда онкологиялық пациенттердің сәулелік терапиямен қамтылу деңгейі 60 пайызға жуықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында томотерапияның қолжетімділігіне қатысты мәселе мезгіл-мезгіл көтеріліп келеді. Пациенттер мен олардың жақындарының алаңдаушылығын түсінеміз, сондықтан бұл мәселеге нақты түсініктеме беруді маңызды деп санаймыз.

Ең алдымен, томотерапия – емдеудің жеке түрі емес, қазіргі заманғы қашықтықтан жүргізілетін сәулелік терапияның әдістерінің бірі. Соңғы жылдары сәулелік терапия технологиялары айтарлықтай жетілдірілді. Бүгінде бұрын томотерапиялық қондырғылардың көмегімен орындалған міндеттердің басым бөлігі соңғы буындағы заманауи сызықтық үдеткіштер арқылы жоғары деңгейде жүзеге асырылады.

Емдеу әдісін таңдау аппараттың атауына емес, халықаралық клиникалық ұсынымдарға, ісіктің орналасуына, аурудың сатысына және пациенттің жеке ерекшеліктеріне негізделеді. Тиісті шешімді мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы қабылдайды.

«Томотерапия ешқайда жоғалған жоқ. Технологиялар мен жабдықтардың мүмкіндіктері өзгерді. Заманауи сызықтық үдеткіштер жоғары дәлдіктегі сәулелік терапияның іс жүзінде барлық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді, ал бірқатар клиникалық жағдайларда олардың мүмкіндіктері бұдан да кең. Пациент үшін ең бастысы – аппараттың атауы емес, дұрыс таңдалған емдеу тактикасы, сапалы жоспарлау және мамандар командасының кәсібилігі», – деді ҚазОжРҒЗИ Радиациялық онкология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Виктор Ким.

Бүгінде Қазақстанда медициналық көрсетілімдер бойынша сәулелік терапия қажет барлық пациенттер, оның ішінде балалар да, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоғары технологиялық медициналық көмекті тегін алады.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде дерлік заманауи сызықтық үдеткіштер орнатылған. Қарағанды және Семей қалаларында екіден жоғары технологиялық аппарат жұмыс істейді. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында төрт сызықтық үдеткіш, ал қалалық онкологиялық орталықта тағы екі аппарат пациенттерге қызмет көрсетуде.

Соңғы екі жылда Қазақстанда онкологиялық пациенттердің сәулелік терапиямен қамтылу деңгейі 60 пайызға жуықтады. Бұл көрсеткіш дамыған Еуропа елдерінің деңгейіне барынша жақын.

Онкологиялық қызметті дамыту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және заманауи медициналық технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Негізгі мақсат – әрбір пациенттің уақтылы, сапалы, тиімді әрі қауіпсіз ем алуына жағдай жасау.

Авторлар:

Қалымова Г.Д. – ҚазОжРҒЗИ баспасөз хатшысы.

Виктор Ким – ҚазОжРҒЗИ Радиациялық онкология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Томотерапия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті?

Бүгін 15:52

«Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті

Бүгін 15:49

Қазақстандық прокурорлар жасанды интеллект әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды

Бүгін 15:25

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты

Бүгін 15:00

Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);