Төлеуғали Тайтөлеев: Алматыдағы өзекті мәселелерді шешуге күш саламыз

Төлеуғали Тайтөлеев: Алматыдағы өзекті мәселелерді шешуге күш саламыз almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық мәслихат депутаты Төлеуғали Тайтөлеев Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәслихат жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі тізбегі болатыны туралы айтып, өзекті сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


- Төлеуғали Мұхамеджанұлы, өзіңізге белгілі, Президент мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттары функцияларының аражігін тиімді ажырату қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты қала мәслихатының жұмысында қандай өзгерістер күтілуде?


- Иә, қазіргі таңда мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде ұсыну құқығын реттейтін заңнамаларға  түзетулер енгізілді. Осылайша, Президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды. Бұл – өңір басшылары жанама сайлау арқылы қызметке келеді деген сөз. Бірақ, Мемлекет басшысының аймақ басшыларын мәслихаттардың келісімінсіз орнынан босату құқығы сақталады. Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бәрі парламенттік мәдениеті жоғары және ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Конституциялық реформар шеңберінде жергілікті өкілді органдардың жұмысы бірқатар бағыттар бойынша жетілдіріледі.



Атап айтсақ, мәслихаттардың дербестігі мен халық мүддесі жолындағы жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мәслихат төрағасы лауазымы енгізілітін болады. Сондай-ақ «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке заң әзірленуде (мемлекеттік басқару және жергілікті басқару бойынша екі заң қабылданбақ). Осы ретте процестердi бюрократиядан арылту және мемлекеттiк органдар мен мәслихаттардың тиiмдiлiгiн артыру көзделген.



Өздеріңізге мәлім, мәслихат депутаттарының 50 пайызы тұрғындардың тікелей дауыс беруімен сайланатын болады. Бұл халық қалаулыларының жауапкершілігін айтарлықтай арттыратыны сөзсіз. Аталмыш өзгерістер Конституциялық реформалар аясында іске асады. Сондай-ақ облыс әкімдері партия төрағасы болып тағайындалмайды, бұл саяси партиялардың бәсекесін өзара күшейтеді.


- Ал мәслихаттарға қандай өкілеттіктер беріледі? Олар алатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берсеңіз.


- ҚР «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан енгізілген толықтырулар заңды күшіне енеді.


Аталған заңда мәслихатқа бұрын болмаған өкілеттіктер берілді. Мысалы:



  1. Алматы қаласының дизайн-кодын бекіту;

  2. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құру, оның құрамын және ол туралы ережені бекіту;

  3. Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту;

  4. Меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын, қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге құқылы.


- Биылғы жылы Алматы мәслихаты өз қызметінде қандай бағыттарға баса назар аударатын болады?


- Мәслихат жыл соңына дейін өз қызметінде бірнеше бағыттар мен басымдықтарға назар аударатын болады. Алматыны 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы қазір әзірленуде, халықтық талқылауға ұсынылған болатын. Бүкіл өзекті ұсыныстар ескеріліп, қамтылғаннан кейін, бұл бағдарламаны депутаттар қарастырып, пысықтайтын болады. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін, оны жан-жақты іске асыруға ден қоятын боламыз. Сонымен қатар, қоғамдағы және қала дамуындағы өзекті мәселелер бойынша депутаттық бастамалар көтеріп, тиісті ережелер мен шешімдер қабылданады. Бюджеттің ойластырылған және терең сарапталған негізде қалыптастырылуы көзделген.



Биылғы жылы ел көлемінде алғаш рет Алматы қаласында бюджет жобасы әкімдіктің бюджеттік комиссиясынан бұрын мәслихаттың салалық комиссияларының қарауынан өтеді. Тұрғындардың аса шұғыл және өзекті проблемаларын шешуге ден қойылады. Ірі инфрақұрылымдық және өзге де ауқымды проблемалар бойынша мәслихат комиссияларының көшпелі жиындарын өткізіледі. Медиа кеңістікте, интернетте және әлеуметтік желілердегі жұмыстың қарқынын арттырып, мәслихаттың қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау көлемін арттыруға басымдық беріледі. Депутаттар жұмысының тиімділігін арттыруға ұдайы көңіл бөлінеді.



Жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, соған сәйкес, заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаймыз, оның үстінен Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімінің жобасын қарап, сессияда бекіту қажет.


- Уақытыңызды бөліп, сауалдарға жауап бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

20:21

19:51

19:08

18:52

18:05

17:28

17:02

17:01

16:45

16:23

16:12

15:55

15:27

15:14

14:52

14:20

13:56

13:38

13:03

12:24

12:00

11:05

11:03

10:59