AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Төлегенім де, Бекежаным да алыс жолға кетті" - қа...

"Төлегенім де, Бекежаным да алыс жолға кетті" - қазақтың "Қыз Жібегі" - Меруерт Өтекешова

Мәдениет 23.12.2025, 12:15 661 Дина
"Төлегенім де, Бекежаным да алыс жолға кетті" - қазақтың "Қыз Жібегі" - Меруерт Өтекешова
сурет: видео кадры

Қазақ киносының жауһары "Қыз Жібек" фильмінде "Қыз Жібек" рөлін сомдаған актриса Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Актриса марқұмды театр үшін "орны толмас қайғы" деп атап, Асанәлі Әшімов жұрт жүрегінде мәңгі қалатынын айтты.

"Бұл - театр үшін орны толмас қайғы. Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс сапарға аттанды. Бірақ ол жүрегімізде мәңгі қалады. Халық оны ешқашан ұмытпайды. Асанәлі ағаның ойнаған рөлдері де, түскен фильмдері де, сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз", — деді Меруерт Өтекешова.

Оның айтуынша, Асанәлі Әшімов өнер жолының басында жүрген шағында өзіне аға, ұстаз әрі дос ретінде көп демеу болған.

"Маған Асанәлі аға аға ретінде де, актер, ұстаз, дос ретінде де көп көмек көрсетті. Өнер жолын енді бастаған кезімде мен өте жас едім. Төлегенім алыс сапарға кетті, енді Бекежаным - Асанәлі аға да бүгін алыс жолға аттанды. Енді олар жоғарыда бір-бірімен қауышып, бізге жұлдыздай қарап, қамқорлығын көрсететін шығар", — деді актриса.

Сондай-ақ ол келесі жылы театрдың 100 жылдығы тойланатынын еске алып, "бір жыл жетпей қалғанына" өкініш білдірді.

"Әттең, бір жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болғанда да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды", - деп түйіндеді Меруерт Өтекешова.

Еске салайық, қазақ киносының корифейі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89-ға қараған шағында өмірден озды. Бүгін, 23 желтоқанда оны Алматыда көпшілік ақтық сапарға шығарып салды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Меруерт Өтекешова #Асанәлі Әшімов #Құман Тастанбеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);