AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТМД ұстаздары Астанада бас қосады

ТМД ұстаздары Астанада бас қосады

Әлеумет 30.09.2022, 07:37 1,379
ТМД ұстаздары Астанада бас қосады
Сурет: Alau.kz

Бұл екі жылда бір рет өткізілетін шара.


Қазан айының 4-6  аралығында Астанада «Жаңа нақты жағдайда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру және пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру үдерісінің трансформациясы» тақырыбында мұғалімдер мен басқа да білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мұғалімдер съезі ТМД білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізілетінін еске сала кетейік.


2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің бірінші съезі Қазақстанда өткен болатын.



«Қазіргі уақытта әртүрлі елдер мұғалімдерінің ортақтастығы мен бірлігі - білім беру саласында мемлекеттер арасындағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтудың кепілі. ТМД елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесі VII съезді Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады. Әртүрлі бағыт бойынша барлығы 9 тақырыптық секция ұйымдастырылады: білім беру мазмұны, бағалау, жалпыадамзаттық құндылықтар, мұғалімдерді дамыту, қосымша білім беру, цифрлық трансформация, балалардың әл-ауқаты, инклюзивтілік және кәсіптік-техникалық білім. Цифрландыру дәуіріндегі оқу сауаттылығы мен ата-аналармен өзара әрекеттесу мәселелері де талқыланады», - деді Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері біздің елге келеді. Олар сайыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтеді: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.


Сонымен бірге съезде мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстандық кәсіпкерлер мен стартаптар оқу орындарында сабақ беру мен оқуды тиімді ұйымдастыратын ІТ-жобаларын таныстырады.


Съезд Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #құрылтай #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);