Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ТМД елдерінің ІІМ-тері бірігіп, 300-ге жуық қылмы...

ТМД елдерінің ІІМ-тері бірігіп, 300-ге жуық қылмыскерді ұстады

Заң мен тəртіп 14.04.2025, 15:23 511
ТМД елдерінің ІІМ-тері  бірігіп, 300-ге жуық қылмыскерді ұстады
Сурет: Polisia.kz

ТМД елдерінің ІІМ-терімен бірге іздеуде жүрген адамдарды ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қырғыз Республикасының ІІМ-мен өзара іс-қимыл барысында Бішкек қаласында 39 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол 13 жыл бұрын Жамбыл облысында жасалған топтық зорлауға қатысқаны үшін іздеуде жүрген.

 Ресей Федерациясы ІІМ Қылмыстық іздестіру бас басқармасымен ынтымақтастық нәтижесінде Сочиде 22 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол Жетісу облысының аумағында бірқатар интернет-алаяқтық жасағаннан кейін жасырынып келген.

 Павлодар облысы ПД жедел-іздестіру тобы ресейлік әріптестерімен бірге Грозныйда 52 жастағы ер адамды ұстады. Ол 1996 жылы Павлодар облысының Бобровка ауылында жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасаған.

Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында Өзбекстанның 47 жастағы азаматы құрықталды. Ол өз жұбайын өлтіріп, жасырынып жүрген.

 Елордада Германияның 58 жастағы азаматы ұсталды. Күдікті Гамбургте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін өз елінің Интерполымен іздеуде жүрген.

 Одан бөлек, адам өміріне қастандық жасағаны үшін Түркияның құқық қорғау органдарымен іздестіріліп жүрген 33 жастағы шетелдік құрықталды.

Өзбекстан ІІМ-мен бірге жамбылдық полицейлер Байзақ ауданында көрші елдің 46 жастағы азаматын ұстады. Ол 2009 жылдың қаңтарынан бастап адам саудасы үшін іздеуде болған.

Алматы облысы ПД қызметкерлері өткізген іс-шаралардың нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданында кісі өлтіру қылмыстары үшін іздеуде жүрген аталған ауданның 33 жастағы және 27 жастағы тұрғындары ұсталды.

Хабар-ошарсыз кеткен 56 адамның, оның ішінде 10 кәмелетке толмаған баланың жүрген жері анықталды. Мысалы, Түркістан және Маңғыстау облыстарының ПД қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында 31 наурыз күні үйінен шығып кеткен 15 жасар қыз Ақтауда табылды.

Жедел іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша іздеуде жүрген 284 қылмыскер ұсталды: кісі өлтіргені үшін – 7; денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 9; қарақшылық шабуылдар үшін – 6; тонау үшін – 5; есірткі қылмыстары үшін - 13. Оның ішінде республикадан тыс жерлерде 32, басқа елдер үшін 164 қылмыскер құрықталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМД #ІІМ #жедел-профилактикалық іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика