AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ТМД елдерінің армиялық ойындары өтті

ТМД елдерінің армиялық ойындары өтті

Спорт 11.07.2022, 17:00 1,580
ТМД елдерінің армиялық ойындары өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылды


Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері Достастық елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің 30 жылдығына арналған III әскери-спорттық ойындары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы алаңдарында шекаралас шет елдердің жеті елінен 250-ден астам спортшы әскери-спорттық көпсайыстың бес түрінен сынға түсті. Әскерилер армиялық қоян-қолтық ұрыс, штаттық қарудан оқ ату, әскерилендірілген кросс, офицерлік үшсайыс және гір көтеруден өзара мықтыны анықтады.



«ТМД әскери спортшыларының ойындары елімізде алғаш рет өткізілді. Жоспар бойынша спорттық іс-шара 2020 жылы өтуі керек болатын. Алайда, пандемияға байланысты спорттық жарыстарды кейінге шегеруге тура келді. Жарыс жоғары деңгейде өткізіліп, спорттық  рух пен әскери достықтың жарқын көрінісін көрсетті. Төрешілер құрамы барынша әділ және кәсіби түрде жұмыс істей алды», – деді өз сөзінде жарысты қорытындылаған ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы – Спорт комитетінің төрайымы, Олимпиада ойындарының чемпионы әрі Еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Шишигина.



Жалпыкомандалық біріншілікте Ресей Қарулы күштерінің құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан әскери спортшылары екінші, Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. 
Естеріңізге сала кетейік, ТМД әскерлерінің бірінші және екінші әскери-спорттық ойындары Ресей мен Қырғызстанда сәйкесінше 2015 және 2017 жылдары өткізілген. Төртінші ойындар Өзбекстанда ұйымдастырылатын болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМД #Қазақстан #Армия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05

Алматылық дәрігерлер қант диабетін дер кезінде анықтаудың жолын айтты

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);