Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / ТМД елдері арасында бейбітшілікті сүйетін Қазақста...

ТМД елдері арасында бейбітшілікті сүйетін Қазақстан мен Молдова болып шықты

Өмір-өзен 03.09.2021, 08:32 1,242
ТМД елдері арасында бейбітшілікті сүйетін Қазақстан мен Молдова болып шықты
Сурет: Almaty.tv

Бейбіт елдердің рейтингісінде 163-тің ішінде Қазақстан 67-ші орынға ие болды.  


Бейбітшілікті сүйетін 163 елдің арасында Қазақстан 67-ші орынға ие болды. Қазақстанның индексі 1,94 болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сілтеме жасап.


Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда экстремизм мен терроризмге байланысты 139 құқық бұзушылық тіркелген, өткен жылғы көрсекішпен салыстырғанда құқық бұзушылық көрсеткіші 19,8% -ға өскен.


Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2020 жылдың осы уақытында мемлекетте осындай 416 құқық бұзушылық тіркелген, бір жылдық көрсеткіш 41,1% құраған.


2021 жылы алғаш рет мұндай заңбұзушылықтың саны өсе бастады. Себебі 2017 жылдан бастап  2020 жылға дейін мұндай құқық бұзушылықтардың саны төмендеген болатын.



Аймақтарға қарайтын болсақ, экстремизм мен терроризмге байланысты орын алған құқық бұзушылықтардың көпшілігі Түркістан облысында тіркелген: 18 оқиға, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,2% -ға аз.


Екінші және үшінші орында Жамбыл облысы мен Шымкент тұр. Бұл өңірлерде бір жылдың ішінде 16 осындай 16 құқық бұзушылық орын алған. Бұл көрсеткіш бір жылдың ішінде екі есе өскендігін көрсетті.


Мұндай заң бұзушылық аз тіркелген өңірлерге Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары жатады. Бір жылда бұл өңірлерде осындай 1 жағдайдан тіркелген.



Көп жағдайда заң бұзұшылықтар әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыруға қатысты баптармен байланысты болып жатады. Өткен жылы осындай 48 жағдай тіркелген.


Сонымен қатар, аталған «атақты» заң бұзушылықтар арасында  терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға ашық түрде шақыру, сондай -ақ олардың қызметіне тыйым салу немесе таратуға байланысты сот шешімі шыққаннан кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе басқа ұйымның қызметін ұйымдастыру және қатысу жатады.



2021 жылы бейбітшілікті сүйетін елдердің рейтингінде Қазақстан 163-тің ішінде 67-орынға ие болды. Елдің индексі 1,94 жетті. Түсіндіре кетейік: индекс неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдегі бейбітшілдік көрсеткіші төмен, деп есептеледі.


Бейбітшілік индексі тек соғыстардың болуын ғана есепке алмайды, бұл көрсеткіш сонымен қатар зорлық -зомбылықтың жоқтығын, зорлық-зомбылықтан қорқу деңгейін, қауіпсіздікті, қақтығыстар мен милитаризацияны ескереді. 


ТМД елдерінің арасында Қазақстанның рейтингісі жоғары болып тұр, Қазақстаннан жоғары орында Молдова тұр. Қазақстаннан кейін Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Түркіменстан, Беларусь, Әзірбайжан, Украина және Ресей сияқты елдер жайғасқан.


Бейбітшілікті сүйетін елдер тізімінің алғашқы қатарында Исландия, Жаңа Зеландия мен Дания елдері тұр. Ең төменгі орынды Ауғанстан иемденіп отыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мир #Әлем #Қазақстан #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35

Танымал жеміс ішек қорғанысын күшейтеді: ғалымдар құрманың жаңа қасиетін анықтады

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі