конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ-ге Қазақстанда құрастырылған тікұшақ табысталд...

ТЖМ-ге Қазақстанда құрастырылған тікұшақ табысталды

Әлеумет 10.04.2023, 09:30 1,215
ТЖМ-ге Қазақстанда құрастырылған тікұшақ табысталды
Сурет: Министрлік

Тікұшақ өз санатында ауыр салмақты әуе техникасы саналады


Отандық зауытта Airbus тікұшақтары құрастырыла бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа жобаларды іске қосу мен азаматтық өндірісті дамыту аясында «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясына қарасты «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» зауытында H145 және H125 маркілі тікұшақтары жинақталып, тапсырыс берушілерге табысталды.


Airbus Helicopters H145-тің алғашқы данасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді. Бұл үлгідегі модель Airbus-тың қос моторлы тікұшақтары тобына жатады.



«Аталған әуе техникасының сапасы әлемдік өндіруші компаниялардың қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшу жарамдылығының нормаларына сай келеді. H145 әуеге көтерілгенде 5 қалақты ротор тербелісті айтарлықтай төмендетуге септігін тигізді. Бұл жоғары тербелісті бәсеңдету жүйесін қажет етпейтінін көрсетті. Нәтижесінде пайдалы жүктеме 150 келіге дейін ұлғайтылды. Осы тікұшақ өз санатында ауыр салмақты әуе техникасы саналады. Мысалы, 2019 жылы H145 Анд тауының биіктіктігі 6 961 метр болатын Аконкагуа шыңына сәтті қонып, техникалық сипаттамасы оң жағынан байқалды», - деді «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.



Қазір ТЖМ-нің авиациялық паркі отандық және шетелдік әуе құралдарымен, оның ішінде H145, H130 сынды тікұшақтармен толықтырылған.


Бұдан басқа Dala Air әуе компаниясына H125 тікұшағын табыстау рәсімі өткізілді. H125 – Airbus компаниясының бір моторлы тікұшағы. Оның нарықта сатылып келе жатқанына 40 жылдан асып, кейінгі 30 жылда өз санатында көш бастап келеді. Техникалық мүмкіндігі жағынан бұл тікұшақ әмбебаптығымен, қауіпсіздік деңгейі, сондай-ақ қолайлы құны және шұғыл жағдайлардағы ұтқырлығымен өз бәсекелестерінен озық болып тұр. FADEC цифрлы басқару жүйесімен жарақталған қуатты қозғалтқыш H125-ті 7 мың метр биіктікке дейін көтеруге мүмкіндік береді.


Жоғарыда аталған тікұшақтарды іздестіру-құтқару жұмыстарында, медициналық көмек көрсету мен санитарлық іс-шаралар жүргізуде, жабайы аңдар мен жануарларды санауда, орман қорына бақылау жасап, қорғау шараларына пайдалану жоспарланып отыр. Әуе құралы Қазақстанның климаттық және географиялық жағдайларына қолдануға толық жарамды, сонымен бірге биік таулы жерлер мен ыстық климатты уақыттарда ұшуға бейімделген.


Еліміздің авиациялық бөлімшелері мен техникалық құрамы жаңа тікұшақтарды тізгіндеп, оларға қызмет көрсетуге байланысты теориялық әрі тәжірибелік даярлаудан өткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тікұшақ #ТЖД #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);