AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Тілім менің – тірлігімнің айғағы!

Тілім менің – тірлігімнің айғағы!

Білім және ғылым 26.09.2024, 11:57 1,575 Алмабаева Айгүл, Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тілім менің – тірлігімнің айғағы!
aqshamnews.kz

Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 16-20 қыркүйек аралығында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы!» атты апталық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 1-4 сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері және сынып жетекшілері белсене қатысты.

Апталықтың алғашқы күні, 16 қыркүйекте, іс-шараның ашылуы электронды түрде өтті. Ал 17 қыркүйек күні 2-сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті кітабым» атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын қызықты түрде таныстырып, достарына жарнама жасады. Нәтижесінде 2 «А» сынып оқушысы Еркежан Еркімбне 1-орын, 2 «В» сынып оқушысы Өнерқан Ералы 2-орын, 2 «Г» сынып оқушысы Зиятқызы Раяна 3-орын иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

18 қыркүйекте 4 «А» және 4 «З» сыныптарында ашық сабақтар өтті. Самал Жасарқызы жетекшілік ететін 4 «А» сыныбында оқушыларға тіл мәртебесі мен ұлттық құндылықтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал Байтуова Гүлбайра жетекшілік ететін 4 «З» сыныбына жас мамандар қатысып, ұстаздың тың әдістерімен танысты.

19 қыркүйек күні 3-сыныптар арасында «Жүзден жүйрік» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Үш кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы бойынша 3 «Д» сынып оқушысы Кеңесбай Каусар 1-орын, 3 «Б» сынып оқушысы Сариев Аслан 2-орын, 3 «Ғ» сынып оқушысы Азымқұл Ясина 3-орын иеленді.

20 қыркүйекте 4-сынып оқушылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл...» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайыста оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсырмалар орындап, үш тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Нәтижесінде, 4 «Ә» сынып оқушысы Бейсен Ақерке 1-орын, 4 «Е» сынып оқушысы Рысқожа Асылхан 2-орын, 4 «Б» сынып оқушысы Рысменді Нұрлан 3-орын алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #оқушы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);