конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұл...

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Әлеумет 01.07.2026, 13:42 178 yakiya
Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы Василий Мазурды алғаш көрген жан оның қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейтініне таңырқай қарайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ұлты белорус болғанымен, ол қазақ тілін ана тіліндей меңгерген.

Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы дүниеге келген қасиетті Жуалы өңірінің тумасы Василий ауылдағы қазақ мектебінде білім алған. Қазақы ортада ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ол бала кезінен батырлар жырын тыңдап, Абайдың қара сөздерін оқып өсті.

Бүгінде оның отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті тұрмыста қазақ тілінде сөйлеседі. Василий үшін бұл тек қарым-қатынас құралы емес, өмір салтына айналған.

– Қазақ тіліне деген қызығушылығым бала кезімнен басталды. Себебі қазақ халқының тарихы мен мәдениеті мені әрдайым қызықтыратын, – дейді әскери қызметші.

Василий Отан алдындағы борышын Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінде өтеді.  Әскери қызмет ұнағаны сонша, сарбаз алты айдан кейін келісімшарт негізінде қызметте қалуға шешім қабылдайды. Қазіргі таңда ол туған жеріндегі 5513 әскери бөлімінің автомобиль взводында патрульдік көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады.

Қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде тіл білудің пайдасын күн сайын көріп жүр. Тараз тұрғындарымен еркін тіл табысып, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға бұл үлкен мүмкіндік береді

Қатардағы Мазур үлгілі әскери қызметші, белсенді әрі жан-жақты азамат. Жыл басында әскери бөлімінде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында жеңімпаз атанды. Қазір ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтетін келесі кезеңге дайындық үстінде.

Бос уақытын да тиімді пайдаланатын сарбаз әскери бөлім кітапханасына жиі барып, қазақ поэзиясының жауһарларын оқиды. Әсіресе ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін ұнатады.

Қазақ тілін құрметтеп қана қоймай, оны өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған қатардағы Василий Мазур – мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеріп жүрген әскери қызметшінің жарқын үлгісі. Оның өмір жолы тілге деген сүйіспеншілік ұлтқа бөлінбейтінін, ал шынайы құрмет нақты іспен дәлелденетінін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Бүгін 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Бүгін 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Бүгін 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Бүгін 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Бүгін 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);