Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / TikTok жұмысын тоқтатты

TikTok жұмысын тоқтатты

Әлем 19.01.2025, 15:09 816
TikTok жұмысын тоқтатты
сурет:grozny.tv

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қолданбаны ашуға тырысқан қолданушылар TikTok-тың қолжетімсіз екені туралы хабарламаны көреді.

TikTok АҚШ-та тиісті федерал тыйым күшіне енбей тұрып, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"АҚШ-та TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл сіздің TikTok-ты әзірге пайдалана алмайтыныңызды білдіреді. Президент Трамп қызметіне кіріскен соң, TikTok-ты қалпына келтіру үшін бізбен жұмыс істейтінін нақты айтты. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз", – делінген қосымшадағы хабарламада.

Ал Трамп TikTok-қа АҚШ-та тыйым салуға 90 күндік мерзім беруді жоспарлап отыр.

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп NBC News және ABC телеарналарына берген сұхбатында, бұл туралы инаугурациядан кейін мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

"Бәлкім, 90 күнге ұзартамын – өздеріңіз білетіндей, 90 күндік мерзім бар. Біз бір шешім тапқанша, мұны жасаймын", – деді Трамп ABC News арнасына берген сұхбатында.

Жұма күні АҚШ Жоғарғы соты TikTok-қа тыйым салу туралы заңды растады. Заңға сәйкес, TikTok-тың иесі, қытайлық ByteDance компаниясы 19 қаңтарға дейін платформаны сатпаса, қосымшаға тыйым салынады. ByteDance сатып алушыны іздеуден бас тартқан.

Өз кезегінде TikTok өкілдері билік тарабынан кепілдіктер болмаған жағдайда, жексенбі күні АҚШ қолданушыларына қызметті өшіретінін мәлімдеді.

Ал TikTok пайдаланушыларының бұлтты деректерін АҚШ-та сақтайтын Oracle компаниясының басшылығы серверлерді өшіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Reuters The Information сайтына сілтеме жасап.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #Трамп #Тикток
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика