Бүгін Алматыдағы сайлау учаскесінің бірінде тұрғындар ерекше жағдайға куә болды: 18 жастағы студент Нұрсұлтан Дадыл Threads әлеуметтік желісінің костюмін киіп, алғаш рет азаматтық міндетін орындауға келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, танымал платформаның логотипі бейнеленген киім бірден ондаған адамның назарын аударған. Референдумға келгендердің көбі бұл сәтті суретке түсіріп алуға асығып, смартфондарын шығара бастапты.
«Желі кейіпкері» атанып кеткен Нұрсұлтанның айтуынша, ол алғаш рет дауыс беруге келіпті.
«Threads желісінде адамдар көбіне жалған аккаунт ашып алып, бір-бірімен дауласады да жатады. Өмірдегі жағдайдың бәрі әлеуметтік желідегідей емес қой? Интернетте отырып бәрін сынай беруге болады, бірақ шын өзгерісті қалаған адам осылай дауыс беріп, саяси науқанға араласады», — дейді ол.
Костюм киген жас сайлаушымен бәрі суретке түсіп, біреулер қол шапалақтап жатты әлгіге. Әлеуметтік желі де саяси науқанға араласқандай әсер алдық.
Алматыдағы тәуелсіз бақылаушылар мұндай креативті акциялар жастардың маңызды әлеуметтік үдерістерге назарын аударуға көмектесетінін атап өтті. Ал жеңіл әзіл сайлауға қатысуды жастар үшін түсінікті әрі қолжетімді ете
Учаскеге келген көптеген тұрғындар да мұндай Threads-ті дәл осындай кейіпте көреміз деп ойламағанджарын айтады.
«Олар костюммен келсе, мен де сөйтемін онда», — деді олардың бірі.