Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннисші Бейбіт Жукаев екінші рет Қазақстан чемпио...

Теннисші Бейбіт Жукаев екінші рет Қазақстан чемпионы атанды

Спорт 30.09.2022, 08:57 1,128
Теннисші Бейбіт Жукаев екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Сурет: Inform.kz

Екі мәрте ел чемпионы атанды.


«Дәулет» теннис орталығында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ерлер арасында финалда қысқы чемпионаттағыдай, Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев өзара кездесті.


Бейбіт 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.


Ақтау теннис мектебінің түлегі Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен Astana Open ATP 500 турнирінде жекелей сында өнер көрсетуге жолдама алды. Бұл Б. Жукаевтың ең алғашқы ірі жарысы болмақ. Сондай-ақ, ол жұптық сында Александр Бубликпен бірге бақ сынайды. Денис Евсеев пен Григорий Ломакин де жұптық сында бәсекеге түседі.


Достанбек Ташболатовты 6:4, 6:4 есебімен жеңген қарағандылық Арысланбек Айтқұлов алғаш рет қола жүлдеге ие болды.


Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова Қазақстанның әлденеше дүркін жеңімпазы Жібек Құламбаеваны 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.


Жанель Рүстемованы 7:5, 6:4 есебімен сүріндірген Мария Синицына үздік үштікке ілікті.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Аргентинадағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #чемпион #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Бүгін 17:12

5 жыл бұрынғы рекорд жаңарды: Алматыда +23 градус тіркелді

Бүгін 16:57

"Ақшаға қатты мұқтаж болдым". Түркістанда ер адам бүйрегін 13 миллион теңгеге сатпақ болған

Бүгін 16:22

Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі