ffin.kz

Темекіге құмарлықтан құтқаратын 7 кеңес

Темекіге құмарлықтан құтқаратын 7 кеңес Сурет: ашық дереккөз

Шылым шегуден бас тарту оңай емес. Көбінесе темекінің түтініне уланып, никотинге тәуелді адамдарға оның бағасының қымбаттауы, сырқатын асқындырып, діңкелеткені әсер етпейтінін айғақтайтын көптеген оқиғаларды мысалға келтіруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматылық алпыс  жастағы Мұқан қарияның өкпесін қақыратқан қатерлі ісік күннен-күнге ағзасына меңдеп барады. Бірақ ол ақырғы демі таусылғанша жарық дүниедегі  өмірін қысқартып, өкпесін қысқан көк түтінді тастамады. Психологтар  жағымсыз  әдеттен құтылу үшін кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуге кеңес береді.  Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың психиатр дәрігері, психотерапевт  Гүлнұр Атамбаева  шылымға құмарлықтан құтылудың жеті әдісін ұсынады.


 1.Неліктен темекі шегетіндігіңізді және одан бас тартуға не түрткі болғанын  өзіңіз анықтаңыз. Күшті мотивация-бұл темекіні тастауға бірінші кезекте көмектеседі. Темекі шегуші шылымнан неліктен  бас тартатынын нақты білуі керек. Ең алдымен, бұл тәуелділіктен арылу денсаулықты жақсартуға көмектеседі.



  1. Себептердің тізімін жасаңыз, соның ішінде жеке жағдайлар, қаржылық артықшылықтар және басқалар алдындағы міндет те болуы мүмкін. .

  2. Нақты күнді белгілеңіз


4.Темекі шегудің орнына әрекет ету.


Темекіні тастаған күннен бастап одан бас тарту синдромы пайда болатынына дайын болыңыз. Оның көріністері темекіні тастағаннан кейінгі бірінші және үшінші апта арасындағы кезеңде айқын болады. Сондықтан әдеттегі темекі шегуді алмастыратын істер тізімін алдын -ала дайындаңыз.



  1. Күнделік жүргізуді бастаңыз. Күні бойы барлық басыңыздан өткен жағдайлар, сізге шылымнан бас тарту кезінде қандай ойлар келгенін жазып алыңыз. Содан кейін оларға балама әрекетті ойлап табыңыз.


6.Стресспен күресу әдістерін қолданыңыз.


Күнделікті өмір салтын өзгерту аздап стрессті қосады, ал темекіні тастауға тырысу да ерлік, күрес. Егер сіз темекіні стресстен арылудың әдісі ретінде қолданған болсаңыз, онымен күресудің жаңа жолдарын іздеуіңіз керек .



  1. Темекі шегуге деген құштарлықты бақылауды үйреніңіз.


Темекі шегуге деген ұмтылыс әдетте 3-5 минут ішінде адамды  болады. Осы уақытта  өзіңізді қандай іспен алдай аласыз, соны ойлаңыз


* досыңызға қоңырау шалыңыз;


* бір стақан су ішіңіз;


• терең тыныс алуды бастаңыз;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51