Телефонның SIM-картасын араға қанша уақыт салып ауыстырған дұрыс?

Телефонның SIM-картасын араға қанша уақыт салып ауыстырған дұрыс? Cурет: Fotolia / lily

SIM-карта – мәліметтерді сақтайтын құрылғы


Телефонның SIM-картасы физикалық тұрғыда тозып, істен шыққанын күтіп отыруға болмайды. Бұл туралы телекоммуникация саласының сарапшысы Григорий Лысенко Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, SIM-карта әбден ескіріп, тозған жағдайда байланыс сапасы нашарлап, сақталған деректер жоғала бастайды. Өйткені SIM-карта – мәліметтерді сақтайтын құрылғы, яғни компьютердің жедел жады дискісі сияқты. Біз оның жадына жаңа деректерді қосқанда немесе ескі деректерді жойған кезде ол ескіре береді, сондықтан оны әр төрт-бес жыл сайын ауыстырып отыру керек, деп санайды ресейлік сарапшы.



«Жады ұяшықтарының физикалық тозуына байланысты SIM-карта ескіреді. Яғни SIM-карта компьютер мен смартфонның жедел жады дискісі секілді, оған мәліметтер келіп, сақталып тұрады. SIM-карта тозып, істен шығу үшін 10-15 жыл керек. Дегенмен, оның алдын алу мақсатында SIM-картаны жиі ауыстырып тұрған жөн. Оның төрт-бес жылда бір жасап тұрған дұрыс»,-дейді Григорий Лысенко.



Кейде SIM-картаның  қызмет етуі төрт жылға да жетпей қалады екен, сондықтан кейбір телефон иелері оны жиі ауыстырып тұрады.



«Телекоммуникация компанияларының кейбір клиенттері SIM-картаны жиі ауыстырады. Оның басты себебі – қоңыраудың, яғни байланыстың аз болуынан. Сондай-ақ SIM-картаның ішкі баптауларының барлығы дұрыс қойылғанымен оны желіге тіркеу мүмкін болмай қалатын кездер орын алады. Мұндай жағдайда да SIM-картаны ауыстырады,-дейді сарапшы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:38

10:11

09:31

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44