AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Телефонға “телміріп” алатын балаға не істеу керек?...

Телефонға “телміріп” алатын балаға не істеу керек? Ата-анаға кеңес

Керек кеңес 24.11.2025, 08:46 1,053
Телефонға “телміріп” алатын балаға не істеу керек? Ата-анаға кеңес
сурет: ашық дереккөз

Балалар телефонға "телміріп" отырады, себебі оларға жағымды әсер мен эмоциялар жетіспейді. Бұл туралы психолог Александра Фокина айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі "Лента.ру" басылымына сілтеме жасап. 

Психологтың айтуынша, егер бала телефонға тәуелді бола бастаса, онда бірнеше қарапайым әдісті қолдану керек. Ең алдымен, баланың гаджетсіз айналысып жатқан әрбір ісін байқап, сол үшін мақтап отыру керек. Мысалы, оның шығармашылығына таңғалуды, жылы сөзді аямай айту керек.

"Мәселен, "Суретті қалай әдемі етіп саласың?" "Мен мұнда тұтас бір ойыншық сарбаз армиясын көріп тұрмын", – деп бірнеше мысал келтірді психолог.

Фокинаның сөзінше, балалар көбіне гаджеттерге ата-аналарына ыңғайлы болғандықтан да "байланып" қалады.

Сарапшы ата-аналарға ой салды.

"Сіз балаға уақыт пен күш жұмсауға шама жоқ кезде әр жолы гаджет немесе мультикпен "құтылып" жүрген шығарсыз? Соны ойлап көріңіз" – деп ескертті сарапшы.

Мұндай жағдайда ол алдымен ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертуі керегін, ол өзгеріс балаларға да оң әсер ететінін атап өтті.

Сарапшы ата-аналарға балаға жағымды эмоциялар сыйлауды – онымен ойнауды, бірге жаңа көңіл көтеру түрлерін ойлап табуды ұсынды.

Сондай-ақ маман ата-анасы үйде жоқ кезде балаларды телефоннан алаңдатудың ерекше тәсілін атады. Ол оларға өтініш пен тілектер жазылған шағын хаттар қалдыруға кеңес берді.

"Мысалы: "Сүйікті балаларым! Сендерден планшеттегі ойынды ұнатқаннан да қызығырақ бес іс ойлап тауып, соны суреттеп салуларыңды сұраймын. Сендерді жақсы көремін" деген секілді хаттар жолдауға болады, – деп қорытындылады Фокина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #телефон #ата-ана #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);