AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Текеліде этнофестиваль өтті

Текеліде этнофестиваль өтті

Мәдениет 17.10.2021, 10:35 1,654 Almaty-akshamy
Текеліде этнофестиваль өтті
Cурет: 24.kz

Шеберлердің қолөнер бұйымдары көпшілікке ұсынылды


Темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған Алматы облысының қолөнер шеберлері Текелі қаласында бас қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.


 Кенді шахарда «Жетісу – Ұлы Жібек жолының жаңғыруы» атты этнофестиваль өтті. Ұсталар, ісмерлер мен зергерлер өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, өзара сынға түсті. 


Зайыт Сәйділхан ұсталық пен зергерлікті қатар меңгерген қолөнер шебері. Ол темірден бәкі, кездік, қақпан, ал алтын, күмістен әшекейлерді жасайды. Жүзік, сақина, білезіктерге салынған ою-өрнектің өзіндік мәні бар дейді зергер. 



«Тортөбел мүйіз қылып жасалған нәрсе екеуін бірлестіргенде қос жүрек болып тұр. Енді мынаны той жасайтын ұл, қыздар неке қиғанда осындай жүзіктер салады. Ал мына білезіктер сыңар мүйіз, той жасамаған қыздар соған қарай салған нәрселер. Ал мына әжелер салады білезікті. Төбел мүйіз қылып, шеңбер араластырып, нүктелер салады. Өркені өссін ұрпақты болсын деген мағына білдіреді»,-дейді қолөнер шебері Зайыт Сәйділхан.



Зайыт Сәйділхан сияқты 30-дан аса қолөнер шебері этнофестивальға қатысты. Олар құрақ көрпе, киіз өнімдер, ертұрман мен сазсырнай, ағаш астау, кәдесыйлар мен теріден жасалған картиналарды көпшілік назарына ұсынды.   



«Бір жарым жылдан бері мұндай жиын, ештеңе болмады. Бәріміз үйде отырдық. Енді міне көрме ұйымдастырып, жан-жақтан келіп көрсетіп жатыр. Біздің қаламызда көрсеткеніне қуаныштымыз. Бұрында мұндай көрмелер Талдықорғанда ғана болатын. Бұл өте жақсы үрдіс деп ойлаймын. Кейінгі жастарға үлгі»,-дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әйкеш Мұқашева. 



Ұлттық өнердің насихатшылары этнофестивальда өзара тәжірбие алмасты. Саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.  



«Осы қолөнерімізге көмектесіп, грант берсе, киіп жүрген киіміміз өте пайдалы болғаннан кейін мынау шетелдерден алғанша өзіміздің өндірісімізді дамытып шығарсақ па дейміз»,-дейді шебер Анаркүл Жаманқұлқызы. 



Фестиваль қорытындысында үздіктер анықталып 9 аталым бойынша марапатталды. Өзге де қолөнер шеберлеріне алғыс хаттар табыс етілді. Салаға серпін беру мақсатында қоғамдық бірлестіктер мен туристік компаниялар арасында меморандум жасалды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Этнофестиваль #қолөнер #шебер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);